Экономика • 07 Маусым, 2019

Қаржылық сауаттылықты арттырды

966 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жуырда 15-тен аса мемлекеттік қызметкер қар­жы­лық реттеуге байланысты арнайы курстан өтіп, қажетті сертификатқа қол жеткізді. Мұн­дай мүмкіндікті «Астана» халықаралық қаржы орта­лығы жанындағы Үздіксіз кәсіби дамыту бюросы берді. Тыңдаушылардың дені салалық органдардың бас­шылық құрамынан іріктелген.

Қаржылық сауаттылықты арттырды

Арнайы курстан өткендер қатарында Нұр-Сұлтан шаһары, Шығыс Қазақстан, Қостанай, Қарағанды, Ақмола, Түркістан және Ақмола облыстарының әкімдіктері мен Пар­ламент Мәжілісінің, Мәдениет және спорт, Энергетика министр­ліктерінің, сондай-ақ Бас прокуратураның қыз­мет­керлері бар. Сертификаттарды АХҚО басқарма төрағасының орынбасары Қайрат Айтекенов, Президент жанындағы мемлекеттік басқару академиясының ректоры Әлтайыр Ахметов, АХҚО академиялық кеңесінің төрағасы Александра Ван де Путт табыстады. 

Ә.Ахметов бүгінде мемлекеттік қызметкерлердің жаңа буы­ны қалыптасқанын, оларға қойылатын талап та күшей­генін жеткізді. Аталған курсты тәмам­даған Түркістан облыс­тық туризм және сыртқы саясат басқармасының бөлім басшысы Перизат Қонысбаева енді көрген-түйгенін өз өңірінде жүзеге асырмақ.

– Қаражатты жұмсау мәдениеті, әлемдік экономи­кадағы соңғы үрдістер жайлы кеңінен мағлұмат алдық. Оның ішінде жасыл технологияны дамыту жолдары, инвестиция тарту амалдары қарастырылды. АХҚО-ны әлемдік деңгейге көтеру жөнінде ілкімді ойлар айтылды. Туризм саласында қызмет еткендіктен қаржы институттарымен жұмысты жолға қоюдың тетіктерін, сонымен қоса ынтымақтастықты арттырудың әдісін меңгердік, – дейді мемлекеттік қызметкер. 

Жақсылық Мұратқали, 

«Egemen Qazaqstan»