02 Ақпан, 2013

Шарайна

300 рет
көрсетілді
6 мин
оқу үшін

Шарайна

Сенбі, 2 ақпан 2013 7:21

Кандидаттардың біріне қастандық жасалды

ЕреванқаласыныңорталығындапрезиденттіксайлауғакандидатретіндетіркелгенсаясаткерПаруйрАйрикянғақастандықжасалды.Полиция­ныңалдыналамәліметтерібойынша,оғанТпагричнерикөше­сін­дегіүйініңжанындаоқатылған.

 

Сенбі, 2 ақпан 2013 7:21

Кандидаттардың біріне қастандық жасалды

ЕреванқаласыныңорталығындапрезиденттіксайлауғакандидатретіндетіркелгенсаясаткерПаруйрАйрикянғақастандықжасалды.Полиция­ныңалдыналамәліметтерібойынша,оғанТпагричнерикөше­сін­дегіүйініңжанындаоқатылған.

Атылған оқ оның кеудесіне тиген, ол шұғыл түрде ауруханаға жеткізіліпті. Жарақаты өміріне қауіпті емес. «Интерфакс» агенттігінің хабарлауынша, Армения парламентінің спикері Овик Абраамян П.Айрикянға жасалған қастандыққа байланысты 18 ақпанға тағайындалған президенттік сайлау ауыстырылуы мүмкін екендігін мәлімдеген. «Сайлаудың мерзімін ауыстыру мүмкіндігін жоққа шығармаймын. Заңда осыған қатысты ереже бар», – депті спикер. Арменияда сайлауалды науқаны 21 қаңтарда басталған еді.

 

Премьер-министрге қатысты дау шықты

Испания премьер-министрі Мариано Рахой және оның үкіметінің мүшелері ресми белгіленген жалақыларына қосымша елдегі жеке компаниялардан ұдайы ақша алып келген. Бұл жөнінде «ELPais» газеті биліктегі «Халық партиясының» ішкі бухгалтерлік құжаттарына сілтеме жасай отырып мақала жариялады.

Бухгалтерлік құжатта шенеуніктерге 1990-2008 жылдары кезеңінде төлемдер төленгені көрсетілген екен. Ал премьер-министр М.Рахой 1997 жылдан 2008 жылға дейін өзінің ресми жалақысынан тыс жылына 25 мың еуро алып отырыпты. Қосымша ақша алып келген жоғары қызметтегі «Халық партиясының» мүшелері арасында партияның бас хатшысы Долорес де Коспедаль, елдің бұрынғы қаржы министрі, кезінде Халықаралық валюта қорын басқарған Радриго Рато және экс-ішкі істер министрі Хайме Ореха бар.

 

Ұйықтаймын деп өкілеттігінен айырылды

Ресейдің Амур облыстық сотының біліктілік алқасы сот процесі кезінде ұйықтап кеткені үшін судья Евгений Махноны судьялық өкілеттігінен айырды. Оның осы «мызғып» кетуін дәлелдейтін бейнежазба YouTube-ге орналастырылған еді.

«Новости» агенттігінің ақпараттарына қарағанда, 40 секөнттік бейнежазбаны 25 мыңнан астам адам қараған. Оны тіпті, шетелдік қолданушылар да жариялаған екен. Бейнежазбада судья мантия­сын киген адамның сот процесі жүріп жатқан кезде ұйықтап отырғаны бейнеленген. Сот отырысына қатысқан сотталушы А.Налетов пен оның қорғаушысы бейнежазбадағы ұйықтап отырған Благовещенск қалалық соты төрағасының орынбасары Евгений Махно екенін айтады. Ұйқысынан оянған судья Налетовке бес жыл бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарыпты.

 

Жоспарланған сапар болмайтын сияқты

АҚШ президенті Барак Обаманың осы жылдың жазында Мәскеуге жоспарлаған сапары болмайтын сияқты. «Коммерсантъ» газетінің жазуынша, АҚШ пен Ресей ядролық қаруды қысқарту туралы келісімге қол  жеткізе алмады. Осыған байланысты АҚШ-тың мемлекеттік департаменті сапармен бару жөнсіз деп есептейді.

Дегенмен, АҚШ президентінің қыркүйекте Санкт-Петербургте өтетін «үлкен жиырмалықтың» саммитіне келуі күтіліп отыр. Басылымда аталғандай, Барак Обама Мәскеумен қатынасты жақсартуға ынталы. Қазіргі қалыптасқан тығырықтан шығудың жолдары Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров пен АҚШ вице-президенті Джо Байденнің сенбі күні Мюнхенде болатын келіссөздерінде қарастырылады. Сондай-ақ, осы айда Ресей президенті В.Путин мен Б.Обаманың кеңесшісі Т.Донилонның кездесуі жоспарланған. Кездесуде Ресей тарапына зымыранға қарсы қорғаныс туралы жаңа шарттың алғашқы жобасы ұсынылуы мүмкін.

 

Мехикодағы жарылыстың себебі аталды

«Рейтер» ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Мехикодағы «Pemex» мұнай компаниясына қарайтын биік ғимаратта болған күшті жарылысқа газ бойлеріндегі ақау себеп болуы ықтимал. Соңғы мәліметтер бойынша, жарылыс салдарынан 25 адам қаза тауып, 100-ден астам адам жарақат алған.

Ғимараттың жоғарғы қабаттарында қамалып қалған адамдар әлі де бар, олардың саны шамамен 30-ға жуық. Жарылыс орнында құтқарушылар жұмыс істеуде, тікұшақтар да жұмылдырылған. 54 қабаттан тұратын ғимаратта жарылыс 31 қаңтар күні жұмыс уақыты аяқталар кезде орын алған еді. Жарылыстан ғимараттың төменгі бөлігі көп зардап шеккен. Полицейлер оқиға орнынан жарылғыш заттардың белгілерін таппады.

 

10 миллион доллар қолды болды

Сирияда азамат соғысы басталғалы бері алғаш рет банкті тонау оқиғасы тіркелді. Қылмыскерлер Дамаскідегі Сирия халықаралық сауда-қаржы банкінен әртүрлі валютаға шаққанда 10 миллион доллардан асатын ақшаны ұрлап кеткен.

Ақпарат көздеріне қарағанда, банк 17 қаңтарда тоналған. Ол енді ғана жария етіліп отыр. Компания өкілдерінің айтуынша, тонау әрекетіне бірнеше адам қатысқан, арасында осы қаржы мекемесінің бір қызметкері бар көрінеді. Бұл елде соғыс басталғалы бері банкоматтарды тонау жиілеп кеткен екен. Ал ірі халықаралық банкті тонау оқиғасы алғаш рет орын алып отыр.

 

Қысқа қайырып айтқанда:

— Кеше Қытайдың орталық бөлігіндегі автокөліктер өтетін көпірдің құлауы салдарынан кем дегенде 26 адам қаза тапқан. Қайғылы оқиғаға көпір үстімен келе жатқан жүк көлігіндегі отшашулардың жарылуы себеп болыпты.

— Әсіре ұлтшыл топтарға жататын неміс терроршысы Беате Чепеге 10 адам өлтіру және 15 тонау әрекетіне қатыстылығына байланысты айып тағылды.

— Дамаск халықаралық әуежайы маңайындағы бірқатар елді мекендерге бақылау орнатқан Сирия бүлікшілері атыс қаруымен Иранның коммерциялық авиалайнеріне оқ атқан. Әуе көлігі айтарлықтай зақымданған жоқ.

— Грузия парламентінің депутаты, республикалық партия жетекшілерінің бірі Леван Бердзенишвили Беларусь президенті Александр Лукашенконың Грузияға келмеуі қажеттігін мәлімдеді.

Интернет материалдары негізінде әзірленді.