05 Ақпан, 2013

Бұл жолы да ширек финалдамыз

280 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Бұл жолы да ширек финалдамыз

Сейсенбі, 5 ақпан 2013 7:25

Қазақстанның ерлер құрамасы тағы да отандастарын қуантты.
Жексенбі күні Диас Досқараев басқаратын құрама командамыз Австрия теннисшілерін үш күнгі нәтижені санағанда 3:1 есебімен ұтып, Дэвис кубогының ширек финалына жолдама алды.

 

Сейсенбі, 5 ақпан 2013 7:25

Қазақстанның ерлер құрамасы тағы да отандастарын қуантты.
Жексенбі күні Диас Досқараев басқаратын құрама командамыз Австрия теннисшілерін үш күнгі нәтижені санағанда 3:1 есебімен ұтып, Дэвис кубогының ширек финалына жолдама алды.

Бұл сында біздің жігіттер қарсыластарына ешқандай мүмкіндік бермеді. Бірінші күні Андрей Голубев пен Евгений Королев австрия­лық Андреас Хайдер-Маурер мен Юрген Мельцерді ұтса, үшінші күні Голубев бір өзі кездесудің соңғы нүктесін қойды.
Осы кездесуде Мельцер алғашқы сеттің үш геймін өз пайдасына шешсе де (4:6), одан кейінгі сеттерде Голубевтен айласын асы­ра алмады. Ал, қазақстандық теннисші бол­са, екінші сеттен бастап күш-жігерін жанып, тордың арғы жағындағы қарсыласын біраз жү­­­гіртті. Ол Юр­ген Мельцерден екінші сетте 6:3, үшіншісін­де 6:4, ал соңғы сетте 6:2 есебімен басым түсті.
Осыдан кейін Австрия құрамасы бесінші ойыннан бас тартты. Енді команда капитаны Диас Досқараев басқаратын Қазақстан құрамасы ширек финалда Чехиямен кездеседі. Бұл командамен біз 2011 жылы кездескенбіз. Сол кезде Дэвис кубогының 1/8 финалында чехтарды өз жерінде ұтып, ширек финалда Аргентина командасымен күш сынасқан болатынбыз. Бұл жолы чехтар сол жылы кеткен есені қайтаруға тырысатыны сөзсіз. Оған ешқандай күмән жоқ. Олар сырт алаңда Швейцарияны 3:1 есебімен жеңіп, ширек финалға жолдама алып отыр.
Чехиямен кездесу 5-7 сәуір күндері өтеді. Әзірше оның өтетін орны белгісіз. Бізге сал­са­ңыз, ширек финалдық матчтың Астанада өт­кені жақсы. Өйткені, өз елімізде өтсе,  тен­нис­шілеріміз жанкүйерлердің қолдауына ие болып, қарсыластарына есе жібермеуге барынша тырысып бағатыны сөзсіз. Сол кезге қарай еліміздің бірінші ракеткасы Михаил Ку­кушкин де құрамаға қайта қосылатын болады.
Біздің құрамадан басқа, ширек финалда Испанияны 3:2 есебімен жеңген Канада Хор­­ватияны дәл осындай есеппен ұтқан Ита­лия­мен, Франция Аргентинамен және Сер­бия АҚШ немесе Бразилия командасының бі­ре­уі­мен кездеседі. Франция мен Аргентина Израиль мен Германияны бірдей 5:0 есебімен ұтты.
Дастан КЕНЖАЛИН,
«Егемен Қазақстан».

Соңғы жаңалықтар