Аймақтар • 07 Маусым, 2019

Алматының ең кішкентай тұрғындары арасында байқау жарияланды

832 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Халықаралық балаларды қорғау күні «First Heartland Jysan Bank» АҚ қаланың ең кішкентай тұрғындарын құттықтап, шығармашылық бәйге жариялаған еді.

Алматының ең кішкентай тұрғындары арасында байқау жарияланды

Ендігі жерде «First Heartland Jysan Bank» АҚ маркетинг басқармасының басшысы Аян Жанақбаевтың айтуынша, балаларға арналған осындай акциялар жыл сайын өткізіледі.

«Әрбір бүлдіршін жақсы, алаңсыз өмірге лайық, сондықтан оларға ізгі тәрбие, мол мейірім, қамқорлық, үздік білім, жақсы қызмет мүмкіндігі мен басқасын беруіміз қажет. Балаларымызға бақыт сыйлайық. Біз, бірінші кезекте отбасылық құндылықтарды бағалайтын Банк ретінде кішісінен үлкеніне дейін барлық қазақстандықтарға қуаныш сезімімен қатар ертеңгі күнге деген сенімділік пен құт-береке сыйлағымыз келеді», – дейді А.Жанақбаев.

Мереке күні Jysan Bank қызметкерлері жағымды тосынсыйлармен балаларды қарсы алды. Бүлдіршіндердің жүздеріне күлкі ұялап, ата-аналары ұйымдастырылған шағын мерекелік іс-шарамызға ризашылықтарын білдірді.

«Мен, «First Heartland Jysan Bank» АҚ бөлімшесіне ұлыммен бірге келдім.  Банк қызметкерлері балама тосынсый жасап, балалар мерекесімен құттықтады. Маған да Банктің жаңа өнімдерін таныстырып, көңілдерін бөлді. Менің балам қатты қуанды, ал балаларымыз шаттанғанда, біз, ата-аналар екі есе бақытқа бөленеміз.  Ұйымдастырушыларға тосынсый мен конкурсқа қатысу мүмкіндігі үшін алғысымды білдіремін!», – дейді Алматы қаласының тұрғыны Әсем Бердіқұлова.

Осылайша, ребрендинг аясында «First Heartland Jýsan Bank» АҚ 2019 жылдың 1 маусымы мен 9 маусымы аралығында Қазақстан балаларының арасында туған өлке туралы ең үздік суретке «Jýsan Bank: Құтты мекен!» балалар суретінің ашық конкурсын жариялап отры.

Байқау талантты балаларды тауып, оларды құлшындыруды көздейді. Байқау 5-9 және 10-15 жасқа дейінгі балалар арасында ұйымдастырылмақ.

Конкурстың барлық ережесі мен талаптары @JysanBank Инстаграм парақшасына орналастырылған.