Тәуелсіз ел болудың басты шартының бірі – әскер. Елдің қорғансыз болмасы анық. Әскер жағдайымен таныстыру, жауынгерлік арсенал мен олардың мүмкіндігін көрсету мақсатында Қорғаныс министрлігі отандық журналистерге Алматы облысындағы әскери базаларға пресс-тур ұйымдастырған болатын. Екі күнге созылған шара барысында әуе күштері базасында, барлау, десанттық-шабуылдаушы бригадаларында, Қапшағай гарнизонындағы инженер-саперлік полкында болып, әскери өмірмен танысып қайттық.

Нұр-Сұлтан қаласынан Талдықорғанға Си-295 әскери ұшағымен жеттік.
Алғашқы тұрақ №21751 әскери бөлімі болды. Бөлім миссиясы – еліміздің әуе кеңістігін қорғау. Бүгінде Су-30 СМ сынды жоғары маневрлі жарғыш ұшақтарына тұрақ болған авиация базасында соңғы үлгідегі әуе техникалары мен жоғары санатты ұшқыштар бар.
© Назерке Әбибулла
Соңғы үлгідегі жарғыш ұшақтарды басқарып жүргендердің бірі – 25 жастағы Мирас Айдарұлы. Бала кезден ұшқыш болуды армандаған жас жауынгер бүгінде авияциялық звено ұшқышы. Мирас – Ақтөбе қаласындағы Кеңес одағының екі мәрте батыры Т.Бегелдинов атындағы Әуе қорғаныс күштерінің әскери институтының түлегі. «Елбасының бала күнінде ұшқыш болуды армандағанын естігеннен кейін, менің де ұшқыш болғым келді. Содан бері оқып жүрмін, біз өмір бойы оқимыз. Өйткені жерде теорияны 5-ке білсең, әуеде 3-ке білесің» дейді жас лейтенант. Оқуын бітірген соң, қызметін осы әскери бөлімде бастаған. Әуеге ең алғаш Л-39 ұшағымен көтерілген, екі жыл ішінде 140 сағатын әуеде өткізіпті. Мирастың айтуынша, Қазақстан әуе күштері әскер саны бойынша ТМД елдері арасында Ресейден кейінгі екінші орында.
Су-30 СМ ұшағын екі адам басқарады. Ұшқыштардың формасы одан да ерекше. Арнайы матадан тігілген киімнің бағасы – 5 миллион теңге.
Ақтөбе әскери институтының тағы бір түлегі Темірлан Байменов ұшқыштардың киімі олардың орындайтын жаттығулары мен әрекеттеріне байланысты екенін айтады.
«Әр ұшқыштың 12 аяқ киімі бар. Ұшақтың түрі мен тапсырмаға байланысты киімдер де ауысады. Су-30 СМ ұшағына арналған форма әуеде қан қысымының жоғарылауы, мидағы оттегі қажеттілігі сынды қауіпті жағдайлардың алдын алады. Форма арнайы «шлангтар» арқылы ұшаққа жалғанып, ұшақпен бірге жұмыс істейді, яғни ақылды киім» дейді лейтенант Байменов.
Темірлан 184 сағатын әуеде өткізген. Жас жауынгердің айтуынша, әуедегі сезім ерекше. «Жерден көтерілген соң барлығын ұмытасың. Ұшуды бес жыл бұрын бастадым. Жұмысымнан шаршаған емеспін» дейді ол.
Ұшқыштардың өз наным-сенімдері жоқ емес. «Бұл атадан балаға берілгендей, ұстаздан шәкіртке жетіп отырады. Ұшаққа отырарда суретке түспейміз, бір-бірімізбен қоштаспаймыз. Бізге жеткен ережелердің барлығы – біреудің қателігі, біреудің өмірі. Оларды біз ойлап тапқанымыз жоқ, сондықтан, сөзсіз, сенеміз» дейді Темірлан.
Сонымен бірге олар оқу-жаттығу барысында арнайы ұшақ макетімен тәжірибеден өтіп, жаттығады екен. Оқу барысында апатты жағдайға дайындық та қарастырылған. «Қорқыныш білмеген жағдайда ғана болады, ал біліп тұрсаң – қорқуға себеп жоқ» дейді Темірлан.
Тасада қалып қоятын техниктердің де әуе қорғанындағы үлесі зор. Аға лейтенант Ерсұлтан Жоламан «Ұшақтар әуеге аттанбас бұрын үш-төрт сағат дайындалады. Оның жанармай, гидро жүйесі мен қуаты міндетті түрде тексеріледі. Ұшақ жұмысы толықтай жердегі дайындыққа байланысты. Сондықтан, әрбір қозғалысына жауаптымыз» дейді. Аға техниктің айтуынша, бір ұшақтың дайындығы төрт кезеңнен тұрады.
Авиация базасының сәні мен мақтанышы – соңғы үлгідегі Су-30 СМ ұшақтары. Бұл арнайы соғыс ұшақтары Ресейде құрастырылады. Тек Ресей, Қазақстан мен Өзбекстан елдерінің әскерінде бар. 4++ үлгісіндегі әуе кемесінің салмағы – 28,5 тонна. Жылдамдығы – сағатына 1400 км. 12500 метр биіктікке дейін көтеріле алады. Бұл ұшақпен әуе соғысын жүргізу, жерүсті және суасты нысандарын жою, басқа азаматтық және транспорттық авиация ұшақтарын қорғау, бомбалау мен тосқауыл сияқты әрекеттерді орындауға болады. Оған қоса ұшақ 8 тонна жарылғыш зат көтеруге қауқарлы.
Әуе базасы қызметкерлерінің айтуынша, алдағы жылы Су-30 СМ ұшағы тағы да әкелінбек. Бұл ұшақтар Ресейдің Иркутск қаласында құрастырылады.
Суреттердің авторы: Григорий Беденко














Оқушылар «Желтоқсан» қаһарманы Ләззат Асанованың анасымен кездесті
Руханият • Бүгін, 17:00
Заида Елғондиева: Бүгінгі Алматы жаңа көзқарастағы азаматтардың Алтын ордасы
Аймақтар • Бүгін, 16:45
Қазақстан Елшісі Латвия Президентіне сенім грамоталарын тапсырды
Қазақстан • Бүгін, 16:32
«Ұлы даланың ұлтаралық тілі» атты форумы өтіп жатыр
Аймақтар • Бүгін, 16:22
Салық секторындағы жаңалықтар түсіндірілді
• Бүгін, 16:08
Қазақстан Президенті «Ауыл» партиясының төрағасы Әли Бектаевты қабылдады
Президент • Бүгін, 16:01
Күзет қызметкерлері автокөлік айдап кеткен
Аймақтар • Бүгін, 15:51
Алматыда «Urban Conference» өтіп жатыр
Аймақтар • Бүгін, 15:43
Алматы облысында алимент берешегі 800 млн теңгеден асты
Қоғам • Бүгін, 15:28
Сенаторлар Қарағанды облысын өнеркәсіпті цифрландырудың көшбасшысы деп атады
Аймақтар • Бүгін, 15:24
Алматы облысында жасөспірімдер арасындағы суицид азаймай тұр
Қоғам • Бүгін, 15:18
Махамбет университеті үздіктерін анықтады
Қоғам • Бүгін, 15:14
Руханият • Бүгін, 15:06
Атырау еріктілерінің тәжірибесі республика көлемінде жүзеге асырылады
Аймақтар • Бүгін, 14:58
«Жусан» операциясы жайлы қойылымның премьерасы өтті
Руханият • Бүгін, 12:58
Сәндік-қолданбалы өнер колледжі мамандарымен мақтанады
Руханият • Бүгін, 12:46
Атырау қаласының әкімі мектеп оқушыларының қауіпсіздігін қамтамасыз етуді тапсырды
Аймақтар • Бүгін, 12:27
Бибігүл Төлегенованың шәкірті ұстазының құрметіне кеш өткізді
Руханият • Бүгін, 12:23
Алматыдағы Сирек кітаптар музейіндегі «Тибби Юсуфи» - Жүсіп медицинасы
Руханият • Бүгін, 12:12
Түркістан облысында электронды түрдегі қызметтің үлесі – 88 %
Аймақтар • Бүгін, 12:08
Саз балшықтан қөлөнер бұйымдарын жасаудан шеберлік сағаты өтті
Руханият • Бүгін, 12:04
Алматыда патриоттық әндер кеші өтті
Руханият • Бүгін, 12:00
Мемориалды музейде Нұрғиса Тілендиевтің ноталық қолжазбалары сақталған
Руханият • Бүгін, 11:52
Қонаев музей-үйі мұрағатында 5 мыңнан астам кітап сақталған
Руханият • Бүгін, 11:40
Үкіметте жоғары оқу орындарын оңтайландыру мәселесі талқыланды
Үкімет • Бүгін, 11:37
Адамның даму индексі бойынша Қазақстан 189 елдің ішінен 50-орынға ие
Қазақстан • Бүгін, 11:32
Дәстүрлі музыка орталығында ақын-жыраулық өнердің асыл мұрасы жинақталған
Руханият • Бүгін, 11:18
Қобыз бізге қай дәуірден жеткен?
Руханият • Бүгін, 11:09
Руханият • Бүгін, 10:56
Димаштың Нью-Йорктегі концерті қалай өтті (фоторепортаж)
Руханият • Бүгін, 10:41
Оралда «Business Power-2019» бизнес форумы өтті
Аймақтар • Бүгін, 10:28
Алматылық «Еңбек ардагері» Людмила Коваль 100 жасқа толды
Қоғам • Бүгін, 10:17
Аграрлық грантпен ЖОО-да оқыған түлектер ауылда 3 жыл жұмыс істейтін болады
Қоғам • Бүгін, 10:07
Алматыда «Әскерге шақырушылар күніне» арналған концерт өтті
Қоғам • Бүгін, 09:56
Асқар Мамин жұмыс сапарымен Сан-Францискоға барды
Үкімет • Бүгін, 09:42
Батыс Қазақстан облысында газ кешені іске қосылды
Аймақтар • Бүгін, 09:39
Руханият • Бүгін, 09:32
Жамбыл облысының Сарысу ауданында ит-құс көбейіп барады
Қоғам • Бүгін, 09:28
Теннис: Испаниядан олжалы оралдық
Спорт • Бүгін, 09:20
Әлем мойындаған қазақстандық даму моделі
Қазақстан • Бүгін, 07:18
Қоғам • Бүгін, 07:15
Шахмат – спортта да, өмірде де дұрыс қадам жасауға үйретеді
Парламент • Бүгін, 07:10
Халықты білікті заң көмегімен қамтамасыз ету қажет
Қоғам • Бүгін, 07:08
Жас мұнайшыларға жақсы мүмкіндік
Аймақтар • Бүгін, 07:05
Аймақтар • Бүгін, 06:58
«Таңғажайып әуен» фестивалі өтті
Руханият • Бүгін, 06:56
Баға QR кодтар арқылы беріледі
Медицина • Бүгін, 06:53
Аймақтар • Бүгін, 06:52
Түркістан адалдық мекеніне айналады
Қоғам • Бүгін, 06:42
Ғасыр шежіресін таспалаған «Қазақтелефильм» студиясына – 50 жыл
Кино • Бүгін, 06:40
Сармат көсемі Санкт-Петербургке «сапарлады»
Қазақстан • Бүгін, 06:38
Руханият • Бүгін, 06:32
Руханият • Бүгін, 06:30
Зорлық-зомбылыққа қатысты заңдар күшейеді
Қоғам • Бүгін, 06:25
Президент • Бүгін, 06:16
Елбасы стипендиясы иегерлерінің тізімі жарияланды
Президент • Кеше
Әл-Фараби атындағы мемлекеттік сыйлықтың иегерлері белгілі болды
Президент • Кеше
Ұлттық туризм шетелдік туроператорлардың қызығушылығын арттыруда
Аймақтар • Кеше
Өскеменде Оралхан Бөкейдің әдеби залы ашылады
Аймақтар • Кеше
«Өңір» депутаттық тобының Қарағанды облысында көшпелі отырысы болды
Парламент • Кеше
Мемлекет басшысы Вагит Алекперовті қабылдады
Президент • Кеше
«Алматы-2050» стратегиясында адами құндылықтар басты назарда
Аймақтар • Кеше
Елордалық авиациялық базаның құрылған күні
Үкімет • Кеше
Ұқсас жаңалықтар