Аймақтар • 08 Маусым, 2019

Атаулы көмек тоқтатылмайды

638 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Атаулы әлеуметтік көмек беру алдағы уақытта да жалғасын табады. Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыс әкімінің орынбасары Қуанышбек Ысқақов осылай деді.

Атаулы көмек тоқтатылмайды

«Қазіргі уақытта әлеуметтік желілерде «ҚР Президенті сайлауынан кейін атаулы әлеуметтік көмек төлеу тоқтатылады» деген алып қашпа әңгімелер таратылуда. Бұл - жалған ақпарат», - деді ол.

Облыс әкімі орынбасары 1 сәуірден бастап облыс бойынша атаулы әлеуметтік көмекке 40285 отбасы өтініш бергенін айтады. Соның 19721 отбасынан өтініштер қабылданып, 20564 отбасыға кеңестер берілген. Облыс бойынша сәуір айында 16193 отбасындағы 79004 адамға 2,1 млрд. теңгеге атаулы әлеуметтік көмек берілген екен.

Ал, мамыр айында 6755 отбасының өтініші қабылданды. 4332 отбасыға атаулы әлеуметтік көмек тағайындалып, оларға 189,4 млн.теңге төленді.

«Биылғы жылға атаулы әлеуметтік көмек көрсетуге бюджеттен 9,6 млрд. теңге қаражат бөлінді. Қосымша республикалық бюджеттен 5,2 млрд.теңгеге сұраныс берілді», - деді Қуанышбек Ысқақов.