Аймақтар • 08 Маусым, 2019

Қатты қалдықтар сұрыпталады

595 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында өткен брифингте облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Айдар Абдуалиев «Қызылорда қаласында тұрмыстық қатты қалдықтарды сұрыптау кешені полигонының құрылысы және сыртқы инженерлік желілерді жеткізу» жобасын мемлекеттік - жекешелік әріптестік аясында іске асыру жоспарланғандығы жөнінде айтты.

Қатты қалдықтар сұрыпталады

«Аталған жобаға Белкөл кенті аумағынан 20 гектар жер учаскесі таңдалып алынды. Жобаны іске қосу мерзімі – биылғы жылдың 1 қазан айы болып белгіленді», - деді ол.

Сондай-ақ, облыстық бюджеттен қаржы бөлініп, Арал ауданының Арал қаласында да полигон құрылысы басталып, осы жылы іске қосылатын болады.

Алдағы уақытта Арал ауданының Сексеуіл кентіне және Сырдария ауданының Тереңөзек кентіне тұрмыстық қатты қалдықтарға арналған полигон құрылысын жүргізу жоспарланып отыр екен.