Серік Бекбосыновтың айтуынша, бұл учаскіде Қырғызстан мен Ресейден келген бақылаушылар сайлау барысын бақылып отыр. Мұнда мүмкіндігі шектеулі азаматтар үшін барлық жағдай жасалыпты. Көзі нашар көретіндер үшін арнайы лупа, ал жүре алмайтындар үшін дауыс беру кабинасына дейін алып баратын қол арбалар жеткізілген.
Қырғызстандық бақылаушы Шынар Алыбаева бізге берген сұхбатында таңертең сағат 8-де, есік ашылысымен адамдар келіп дауыс бере бастағанын айтты.
Бүгін Алматыда жолаушыларды тасымалдайтын қоғамдық көлікте тегін қызмет көрсетілуде. Барлық бағыттағы көліктердің қызметі жексенбілік жоспар бойынша ұйымдастырылған. Алдын ала жүргізілген есеп бойынша, бұл күні 700 000 мың адамға тегін қызмет көрсетіледі.
Жолаушыларды тасымалдайтын кәсіпорындар қауымдастығының төрағасы Дана Ахатова бұл шешім алматылықтардың саяси науқанда қалыс қалмауына әсер етеді деп отыр.