Саясат • 09 Маусым, 2019

Нұр-Сұлтан қаласының перзентханаларында 344 әйел дауыс берді

409 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Нұр-Сұлтан қаласының перзентханаларында жүкті және босанған әйелдерге арнайы сайлау учаскілері ұйымдастырылды. Таңертең аталған орындарда 344 әйел дауыс берді, - деп хабарлайды елорда әкімдігінің сайты.

Нұр-Сұлтан қаласының перзентханаларында 344 әйел дауыс берді

№ 208 жабық сайлау учаскесі төрағасының орынбасары Лариса Павловецтің айтуы бойынша, медицина мекемесінде сайлау қалыпты өтіп жатыр. Жаңа туған сәбидің анасы Аида Шораеваның айтуынша, дауыс беру арқылы ел болашағына өзгеріс енгізе алады.

«Сайлау мен үшін өте маңызды. Менің дауысымнан елімнің болашағы байланысты. Еліміз одан әрі гүлденіп дами берсін», - деді Аида Шораева. 

Нұр-Сұлтан қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, сағат 14.00 уақыты бойынша астананың перзентханаларында 30 бала дүниеге келді, оның ішінде 15 ұл, 15 қыз бала.