Сайлау • 10 Маусым, 2019

Қауіпсіздік мәселесі – назарда

359 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстандағы прези­денттік сайлауға байқаушы болып тіркелген ресейлік актер Александр Рапопорт өзі аралап көрген сайлау учас­­келерінде барлығы бір­қалыпты, бекітілген талап­тарға сай өткенін айтты.

Қауіпсіздік мәселесі – назарда

− Әр мемлекеттің сайлау өткізуде өзіндік ерекше­ліктері бар. Меніңше, Қа­зақ­стандағы сайлауда бекітілген шектен аспайты­ны, қауіпсіздік мәселесі бі­рінші орында тұр­ғанды­ғы­мен ерекше. Оның үстіне қазақ халқының қо­нақ­жай, мерекелік дарқан көңілі сайлау науқанында да сезіледі. Бұны менен басқа да байқау­шылар айтып жатыр, – деді халықаралық байқаушы.

Айта кетерлігі, қазақ кө­­ре­р­мендеріне кеңінен танымал «Көшбасшы жолы» фильміне түскен ресейлік әртіс Александр Рапопорт 30 жылдан бері Нью-Йоркте тұ­ра­ды. Оның айтуынша, Батыс пен Шығыста сайлауға ке­­луші халықтың таным-тү­сі­нігінде айырмашылықтар бар.

 Еркежан АЙТҚАЗЫ,

«Egemen Qazaqstan»