Аймақтар • 11 Маусым, 2019

Солтүстік Қазақстанда жаңа туристік нысандар көптеп ашылады

851 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Аймақ басшысы Құмар Ақсақалов Имантау-Шалқар курорт аймағының туристік нысандарын аралады.

Солтүстік Қазақстанда жаңа туристік нысандар көптеп ашылады

Жеке кәсіпкер Александр Вороновтың қаржылық демеуімен заманауи «Изумрудное» демалыс базасы бір жылда салынды.

«Туристік нысанда демалушыларға бар жағдайдың  жасалғаны құптарлық. Ыстық және сапалы  ауыз су, абаттандырылған жағажай, балалар алаңқайы бар. Барлық демалыс базалары осындай деңгейде болуы тиіс»,  деді Құмар Іргебайұлы.

Сондай-ақ өңір басшысы «Шалқар су» санаторийінің жайымен де танысты. Жаңа инвестор қалпына келтіру шараларына 1 миллиард теңге бөлген. Мұндағы емдеу орны 200 дейін адамды  қабылдай алады.  50 адам еңбек етеді. Санаторийде радон және сазбен емдейді, жанында тұзды көл орналасқан. Кәсіподақ жолдамалары бойынша мұғалімдер, дәрігерлер, ардагерлер осында демалатын болады.

Бүгінде Имантау-Шалқар курортты аймағында 38 туристік нысан бар. Былтырдан бері 411 миллион теңгенің 10 жобасы жүзеге асып келеді. Жыл аяғына дейін тағы 7 демалыс базасы ашылмақ.

Инфрақұрылымды дамытуға да үлкен  көңіл бөлінген. Жолдарды жөндеуге 3 миллиард теңге қарастырылған. «Визит орталығы» салынып, Имантау көлінің жағалауы қалыпқа келтіріледі. Ботай мәдениетінің мұражайы да құрылады.