Жезқазған қаласы әкімінің орынбасары Нұржан Орынбаевтың айтуынша, биоэлектр стансасының құрылысы Кеңгір ауылынан 2 шақырым жердегі аумағы 4,5 гектар болатын алаңқайда жүргізілмекші.
– Жоба жүзеге асқанда, бірқатар мәселе шешімін табады деген үміттеміз. Мысалы, қоқысты кәдеге жарату және тұрмыстық қатты қалдықтарды қайта өңдеу, «Жасыл экономика» технологияларын ілгерілету, сондай-ақ жаңа жұмыс орындарын ашу сынды пайдалы істерге қол жеткізілетін болады, – дейді Н.Орынбаев.
Жобаның тапсырыс берушісі – «Kaz Green Energy» фирмасы. Құрылыс жұмыстары 2019 жылы басталуы мүмкін.
Қарағанды облысы