АИБА күнтізбесіндегі «А» санатына енетін бокс додасына Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Әзербайжан, Түркіменстан және Қазақстаннан 100-ге жуық спортшы қатысып, жүлделерді сарапқа салды.
Осы турнирде Ұлттық құрама команданың мүшесі Абылайхан Жүсіпов 69 кило салмақ дәрежесінде өнер көрсетіп, алтын медальді жеңіп алды. Мұның алдында ол Софияда өткен ірі турнирде күміс жүлдеге ие болған еді.
Айта кету керек, А.Жүсіпов 2020 жылы Токиода өтетін Олимпия ойындарына қатысуға құқық беретін жолдамадан үміткер боксшының бірі.