Аймақтар • 11 Маусым, 2019

Шымкентте «Hawaii Shymkent» демалыс аймағы ашылды

1343 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Шымкент қаласына қарасты Маятас елдімекенінде «Hawaii Shymkent» демалыс аймағы ашылды. Жаңа нысанның ашылу рәсіміне қала әкімінің орынбасары Данат Жумин, Халық қаhарманы Тоқтар Әубәкіров, елімізге белгілі қоғам қайраткерлері, зиялы қауым өкілдері қатысып, демалыс орнын аралап көрді.

Шымкентте «Hawaii Shymkent» демалыс аймағы ашылды

Жобаның құрылтайшысы - белгілі меценат Төкен Танаұлы. Жобаны іске асырушылардың айтуынша, мұнда бір мезетте 1500-2000 адам демалуға мүмкіндік бар. Аумағы - 5,7 гектар. Жобаның жалпы құны - 1 млрд 250 млн теңге деп бағаланып отыр. Бадам суқоймасы маңынан орын тепкен бұл аймақта барлық жағдай қарастырылған. Рекреациялық аймақ жыл бойы үздіксіз жұмыс істейді. Алда демалыс аймағының жанынан тағы да бірқатар жобалар қолға алынбақ.

Жаңа нысанның салтанатты ашылу рәсімінде Данат Есболұлы қала әкімінің құттықтауын жеткізді. Демалыс аймағы қаланың туризм саласының дамуына үлес қосып, бәсекелестік орта қалыптастыратынына сенім білдірді. Қазақ елінің тұңғыш ғарышкері Тоқтар Әубәкiров те ел игілігіне жұмыс істей беруіне тілектестігін білдірді.