12 Наурыз, 2013

Шарайна

209 рет
көрсетілді
7 мин
оқу үшін

Шарайна

Сейсенбі, 12 наурыз 2013 6:47

Президенттік сайлау 14 сәуірге тағайындалды

Венесуэланың орталық сайлау комиссиясы мерзімінен бұрын өткізілетін президенттік сайлауды 2013 жылдың 14 сәуіріне тағайындады. Ел президенті Уго Чавес қайтыс болғаннан кейін Венесуэла билігі президенттік сайлау 30 күн ішінде өтетінін мәлімдеген болатын.

 

Сейсенбі, 12 наурыз 2013 6:47

Президенттік сайлау 14 сәуірге тағайындалды

Венесуэланың орталық сайлау комиссиясы мерзімінен бұрын өткізілетін президенттік сайлауды 2013 жылдың 14 сәуіріне тағайындады. Ел президенті Уго Чавес қайтыс болғаннан кейін Венесуэла билігі президенттік сайлау 30 күн ішінде өтетінін мәлімдеген болатын.

Президенттік сайлауда билік партиясы бұған дейін вице-президент және У.Чавестің ауырып жатқан кезінде мемлекет басшысының міндетін уақытша атқарған Николас Мадуроны ұсынады. Ал оппозиция сайлау тағайындалмай тұрып-ақ президенттікке кандидат етіп Миранд штатының губернаторы Энрик Каприлесті ұсынатынын мәлімдеген еді. Энрик Каприлес 2012 жылдың күзінде өткен прези­денттік сайлауға түсіп, Уго Чавестен жеңіліс тапқан болатын. Осы тұс­та атап өтейік, 8 наурызда Н.Мадуро елдің уақытша президенті ре­тінде ант берген еді.

 

Депутат тергеу комитетіне шақырылды

«Справедливая Россия» партиясынан Мемлекеттік думаға сайланған депутат Олег Михеев енді Ресей тергеу комитетінің қызметкерлері алдында жауап беретін болады. Бұл жөнінде кеше «Новости» ақпарат агенттігі хабарлады.

Олег Михеевтен жауап алу бүгін, яғни 12 наурызда сағат 12.00-ге белгіленген. Депутат мемлекеттік билікке және экономика саласында жасаған қылмыстары үшін тергеушілерге жауап бермек. Оған Ресей қылмыстық кодексінің үш бабы бойынша айып тағылып отыр.

Мемлекеттік дума 19 ақпанда Бас прокуратураның сұрау салуымен Михеевті депутаттық қол сұғылмаушылығынан айыру туралы шешім қабылдаған болатын. Деректерге қарағанда, Михеевке Волгоград моторқұрылысы зауытына тиесілі 14 нысанды тартып алуға, «Промсвязьбанктің» 2 миллиард рубльден астам қаржысын иеленіп кетуге әрекеттенген деген айыптар тағылған. Мұның сыртында оның қазақстандық банктерден алған 40 миллион долларға жуық қаражаты тағы бар.

 

Пәкстандық христиандар шеруге шықты

Өткен жексенбі күні Пәкстанда тұратын христиандар шеруге шығып, бүлікшіл мұсылмандардан қорғауды талап етті. «Франс-пресс» ақпарат агенттігінің хабарлауынша, шеру елдің бірқатар қалаларында өткен.

Қарсылық шеруіне шығушылар өздерін бүлікшіл мұсылмандардан қорғауды талап етумен қатар, тәртіпсіздіктердің алдын алуда дәрменсіздік танытқан полицейлерді де айыптаған. Христиандардың бұл қарсылық акциясы 9 наурызда Лахор қаласының христиандар кварталында орын алған оқиғаларға байланысты болса керек. Осы күні болған тәртіпсіздіктер кезінде христиандардың жүзден астам үйлері өртеніп, ондаған дүкендер тоналған көрінеді.

 

Қателік салдарынан екі рет қол қойды

Осы жылдың қаңтарынан жалпыхалықтық сайлау үдерісі бойынша Чехия президенті болып елдің бұрынғы премьер-министрі Милош Земан сайланған болатын. Өйткені, сенбі күні президенттің ант беру рәсімінде Милош Земан мәтіндегі грамматикалық қателердің салдарынан ант беру мәтініне екі рет қол қоюына тура келді.

Чехия парламентінің депутаты, әрі палата төрағасы Мирослав Немцовтың айтуынша, 8 наурыз күні Чехияның жаңа президентін ұлықтау салтанаты өткен. Президент Милош Земан ел конституциясына оң қолын қойып тұрып, ант беру мәтінін оқыған. Содан кейін ол мәтінге қол қойған. Ал мәтіндегі бір сөздің соңғы екі әрпі «түсіп» қалған екен. «Біз бұл қателікті түзеттік. Президент мырза Чехия конституциялық соты төрағасының, сенат төрағасының, үкімет басшысының және менің қатысуыммен анттың түзетілген мәтініне қайтадан қол қойды»,– депті М.Немцов.

 

5 триллион рубль жұмсалады

Ресейдің әскери-теңіз флоты 2020 жылдың соңына дейін жалпы саны 78 суүсті және суасты кемелерімен толығатын болады. Бұл жөнінде Ресейдің Қорғаныс министрі Сергей Шойгу мәлімдеді.

Министрдің сөзіне қарағанда, әскери техникалармен қамтамасыз ету елдің мемлекеттік бағдарламасында қарастырылған. Аталған бағдарлама аясында әскери-теңіз флоты сегіз стратегиялық атом сүңгуір қайығын, 16 суасты кемесін және әртүрлі үлгідегі 54 суүсті кемесін алуы қажет. Ресейдің 2020 жылға дейінгі мемлекеттік қару-жарақ бағдарламасын жүзеге асыруға 5 триллион рубльге жуық қаржы жұмсау жоспарланып отыр.

 

«Талпақ танаудың» өлекселері табылды

Шанхайдың негізгі су артериясының бірі – Хуанпу өзенінен 2,2 мыңға жуық өлген шошқа табылды. «Рейтер» агенттігінің хабарлауынша, осыншама шош­­­­қаның не себептен өлгені қазірге белгісіз. Жер­г­і­лікті билік оның себеп-салдарын тексеріп жатыр.

Кейбір дерек көздері бойынша, шошқа өлекселері Хуанпу өзені бастау алатын Чжецзян провинциясынан ағып келуі мүмкін. Шошқалар ауруға шалдыққан соң, фермерлер өзенге тастаған деген болжамдар да айтылуда. Қазіргі кезде қала басшылығы өзеннен шошқа өлекселерінен тазарту жұмыстарын қолға алды. Қытайда шошқа өнімдері ауыл шаруашылығының негізгі салаларының бірі болып табылады.

Қысқа қайырып айтқанда:

— Ресей президенті Владимир Путин Солтүстік-Батыс федерал­дық округінің тұрақты өкілі етіп Владимир Булавинді тағайындады. Бұ­­­ған дейін ол Қауіпсіздік кеңесі хатшысының орынбасары болып істеген.

— Шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, Қытай банктерінде КХДР басшысы Ким Чен Ын бақылау жасайтын есеп-шоттар табылған. Оларда жүздеген миллион доллар жатқан сияқты.

— Кеше ертеңгілік Гвинеяның солтүстігіндегі Лаэ қаласының маңында жер сілкінісі болды. Сілкініс қуаты – 6,7 балл. Цунами қаупі жоқ.

— Арменияда өткен президенттік сайлауда жеңіліс тапқан кан­­ди­даттардың бірі – Раффи Ованнисян аштық жариялады. Ол қайта сайланған С.Саргсяннан сайлау нәтижелерін өзгертуді талап етуде.

Интернет материалдары негізінде әзірленді.