Аймақтар • 11 Маусым, 2019

Шымкентте жастарға арналған «Open Air» лауазымдар жәрмеңкесі өтеді

392 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің үйлестіруімен үшінші мегаполисте «Бос лауазымдар жәрмеңкесі» өтеді.

Шымкентте жастарға арналған «Open Air» лауазымдар жәрмеңкесі өтеді

Аталған бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға арналған жәрмеңке 14 маусым күні сағат 19:00-де жастар көп жиналатын Арбатта ұйымдастырылмақ.

Түрлі топтағы азаматтар, әсіресе, диплом алған жас бітіруші түлектер мен көптен бері жұмыс іздеп жүрген азаматтар және жоғары жалақы іздеген мамандар бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдар жәрмеңкесіне келіп, іздегенін таба алады.

Егерде мемлекеттік лауазымға тағайындалмас бұрын кәсіби тәжірибе мен дағды қажет болса, Департаменттегі «Мемлекеттік қызмет мектебі» туралы және іріктеу кезеңдері бойынша толыққанды ақпарат алуға болады. 

«Бұл реткі шараның мақсаты - мемлекеттік қызметтің оң имиджін қалыптастыру. Жастарға бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасу тәртібін жан-жақты түсіндіру. Сондай-ақ жастардың арасынан дарынды және білікті кадрларды тарта отырып, қаладағы жұмыссыздық деңгейін төмендету», дейді жоба ұйымдастырушылары.