14 Наурыз, 2013

Шарайна

230 рет
көрсетілді
7 мин
оқу үшін

Шарайна

Бейсенбі, 14 наурыз 2013 2:33

Алғашқы тур папаны анықтамады

Конклав (кардиналдар жиналысы) дауыс берудің бірінші турында  жаңа Рим папасын сайлай алмады. Бұған Сикстин капелласының шатырындағы мұржадан шыққан қара түтін дәлел болып табылады.  Егер үміткерлердің біреуі конклав құрамындағы 115 кардиналдың үштен екісінің дауысын алған жағдайда мұржадан ақ түтін шығатын еді. 

 

Бейсенбі, 14 наурыз 2013 2:33

Алғашқы тур папаны анықтамады

Конклав (кардиналдар жиналысы) дауыс берудің бірінші турында  жаңа Рим папасын сайлай алмады. Бұған Сикстин капелласының шатырындағы мұржадан шыққан қара түтін дәлел болып табылады.  Егер үміткерлердің біреуі конклав құрамындағы 115 кардиналдың үштен екісінің дауысын алған жағдайда мұржадан ақ түтін шығатын еді. 

Яғни, кандидаттардың кайсыбірі жеңіске жету үшін оны дауыс берушілердің 77-сі қолдауы тиіс. Жалпы, сайлау құпия түрде жүреді. Бұған дейін хабарланғанындай, кардиналдар өздеріне ұнаған үміткерлерге күніне төрт мәрте дауыс береді. Дауыс есептелгеннен кейін бюллетеньдер жағып жіберіледі. Ал жаңа понтификті сайлау қажеттілігі  Рим папасы Бенедит  XVI-ның  үстіміздегі жылдың 28 ақпанында өз өкілеттілігін тоқтататыны туралы  жариялағаннан кейін туындағаны белгілі.

 

Отыз қашқынның көзін жойды

Сирия үкіметі әскерлерінің жауынгерлері өздерінің қызмет орындарын рұхсатсыз тастап кетіп, бүлікшілерге қосылмақшы болған 30-дан астам қашқынның көзін жойды. Ұрыс Дамаск әуежайын ел астанасымен жалғастырып жатқан жол бойында орын алды.

Қашқындар  бүлікшілердің  бақылауындағы Шығыс Гута ауданы жағына бағыт алған кезде бұрынғы серіктестері құрған қақпанға түскен. Тез аяқталған атыс барысында барлық қашқындар оққа ұшса, бүлікшілер оларға көмекке келіп үлгермеген. Соңғы апталарда әуежайға апаратын жол бойындағы соғыс күшейіп отыр. Қарулы оппозицияшылар стратегиялық маңызды магистральді өз бақылауларына алуға ұмтылып, қайта-қайта шабуылдауда. Бірақ оларынан әзірше нәтиже шығар емес.

 

Шабуыл жасамау келісімін бұзды

Солтүстік Корея   Оңтүстік Кореямен бітімгершілік туралы келісімді заңсыз деп тапты. Бұл туралы Солтүстік Корея халықтық қарулы күштер  министрлігінің мәлімдемесінде айтылады. Министрлік сондай-ақ  бұған дейін хабарланған Пхеньянның Сеулмен шабуыл жасамау туралы келісімнен шығатыны туралы хабарламаны қуаттаған.

Халықтық қарулы күштер министрлігі енді Сеул мен Вашингтондағы «соғыс отын жағушыларға» 1950-1953 жылдардағы Корей соғысынан кейін жасалған бітімгершілік келісімінен шыққан соң КХДР мойнына ешқандай жауапкершілік алмайтынын ескерулері тиіс екендіктерін ескертеді. Сонымен қатар, Пхеньян өзіне АҚШ пен басқа да әлемдік державалардың қысымына қарсы тұруға мүмкіндік беретін өзінің ядролық қаруларын дамыту ниетінде екенін  атап көрсетеді.

 

Қысқа қайырып айтқанда:

Қызмет бабын асыра пайдаланғаны үшін 7 жылға сотталып, мерзімін өтеп жатқан Украинаның бұрынғы премьер-министрі Юлия Тимошенко 2015 жылға белгіленген президенттік сайлауға баламалы түрде түсуге ниеті бар екенін мәлімдеді.

Белоруссия президенті Александр Лукашенко шенеуніктерге 25 мың еуродан қымбат тұратын қызмет  автокөліктерін сатып алуға тыйым салды. Мұны президенттің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып, «Интерфакс-Запад» агенттігі хабарлады.

Камчатка өлкесінің солтүстігіндегі Карагин ауданындағы Ильпырское селосынан 30 шақырым жерде   магнитудасы 6,5 балл болатын жер сілкінісі тіркелді. Бұл табиғи құбылыстан зардап шеккендер туралы мәлімет жоқ.

Ресейдің Белгород қаласындағы алаңдардың біріне орнатылған Ленин ескерткіші қиратылды. Оның ескерткішін орнынан алу туралы шешімді Белгород қалалық кеңесінің депутаттары қабылдаған екен. Енді Лениннің орнына қала тарихына  қатысы бар басқа бір ескерткіш қойылмақ.

 

Үздік кәсіпкерге – 7  жыл түрме

Өзбекстанда жергілікті бизнесмен Холисхон Бобоева «қаржы-шаруашылық және салық заңнамасы саласында жасаған» қылмысы үшін жеті жылға бас бостандығынан айырылды.  «ЦентрАзия»  басылымының жазуынша, ондай үкімді Жызақ қалалық соты шығарған.

Қалалық соттың қылмыстық істер жөніндегі төрағасы Кахрамон Холмуродовтың  сөзіне қарағанда, Бобоева басшылық жасайтын жеке меншік компанияны тексеру барысында көптеген заң бұзушылықтар анықталған. Сонымен қатар, басылым Бобоеваның былтыр ғана республикалық конкурста  «Үздік кәсіпкер» номинациясы бойынша жеңіске жеткенін жазады. Ал конкурс Өзбекстан президенті Ислам Каримовтің қолдауымен ұйымдастырылыпты.

 

Латвияда тірі легионерлер қанша?

Қазіргі кезде Латвияда  SS-тің 75 бұрынғы легионері тұрып жатыр екен. Мұндай ақпаратты Латвия университетінің оқытушысы, әлеуметтанушы Дидзис Берзиньш таратты. Бүгінде ол  легионерлерге арналған әлеуметтік зерттеулер жүргізіп жатса керек.

Әлеуметтанушының сөзіне қарағанда, латыш легионерінің біржақты портретін салып шығу мүмкін емес, өйткені, олардың әрқайсысының өз тарихы бар. Себебі, олардың көпшілігі өздерін тәуелсіздік үшін күресіп жүрміз деп санаған. Сондықтан олардың пікірін өзгерту қиынның қиыны. Ал тарих мәселенің басқаша екенін көрсетіп беріп отыр. Алайда, олардың бәрі қылмыскер деуге тағы келмейді, дейді Д. Берзиньш. Латыш легионы 1943 жылы құрылған болатын.

 

Солдатты тонағандар жазаланды

Тәжікстанның Қорғантөбе қаласындағы Ресейдің әскери базасының әскери қызметкерлерін тонаған екі жергілікті тұрғынға үкім шығарылды. Сот шешімі бойынша олардың әрқайсысы 10,5 жылдан бас бостандықтарынан айырылды. 

Тергеу деректеріне сүйенсек, Точиддин Назаров пен Виктор Олейник Николай Александровтың әскери билеті мен басқа да құжаттарын, сондай-ақ 625 долларын тартып алған. Құжаттарын қайтарып беру үшін олар солдаттан 13 мың рубль талап еткен.  Александр Горелкин де қылмыскерлердің құрбандығына айналған. Назаров пен Олейник оның 10 мың рублін алып қойған. Өзге де бірнеше солдатқа әлімжеттік жасаған. Қылмыскерлердің қандай жағдайда қолға түскені белгісіз.

Интернет материалдары

негізінде әзірленді.

Соңғы жаңалықтар