Аймақтар • 12 Маусым, 2019

Белсенді өмірге бейімдейді

456 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Шымкентте тұңғыш рет көп салалы Белсен­ді өмір сүру орта­лығы ашылды. Аталған меке­менің ашылу рәсіміне қала әкімі Ғабидолла Әбдірахымов, ардагерлер, зиялы қауым өкілдері мен балдырғандар қатысты.

Белсенді өмірге бейімдейді

Орталық заманауи тұлғаға қажетті барлық жағдаймен қам­­тамасыз етілген. Интернет-ка­фе, емдік-уқалау, физикалық-ем­­деу бөлмесі, кинозал, кітап­хана, жаттығу залы, йога, үстел теннисі, бильярд үстелімен және балаларға арнап жабдықталған ойын бөл­ме­лерімен қамтылған. Бұл орта­лықтың бір ерекшелігі – мұнда тек қариялар ғана емес, соны­мен бірге өмірдің тәлкегіне ұшы­раған балдырғандар ата-әже мейірімі мен қамқорлығына бө­ленбек. Сәйкесінше, қарттар өмірдің бір қуанышы – балалармен уақыт өткізіп, немере мәпелемек.

Мегаполистегі жан­­­ға жай­лылық сыйлайтын орта­лықта зейнеткерлер мен мүмкіндігі шектеулі жандар, балалар үйінің тәрбиеленушілері бос уақыттарын өткізіп, ден­сау­лықтарын жақсарта алады. Сондай-ақ мұнда зейнеткер­лерге тегін әлеуметтік және­ меди­циналық қызмет көрсеті­леді.

«Қоғамның дамуы қариялар­ға көрсетілетін қамқорлықтан бай­қалады. Жылдың басын­дағы есептік кездесуде қала тұр­ғындарының бірі Шымкент­тен қарт кісілерге өмір салтын жақсар­тып, дене шынықтыруға арналған орталық ашу­ды сұ­ра­ған болатын. Міне, осы ор­та­лықты ашып отырмыз. Зей­неткерлер мен қариялар бұл ор­талыққа отбасымен, балаларымен және немере­лерімен келе алады», деді Ғ.Әбдірахымов.

Аталған орталық Елба­сы Нұр­­сұлтан Әбіш­ұлы Назар­­­­баевтың отан­­дастарымыз­дың­ өмір сүру жасын ұзарту мен­ бұ­­қаралық спортты дамы­ту тап­­сырмасы аясында ашылып отыр. Айта кетерлігі, шым­кент­­­тік­тердің өмір сүру жасы ұзарып келеді. Мегаполис тұр­ғын­дарының қазір­гі таңдағы орташа жасы 78 жас­тан асады.

Игілікті шарада қала әкімі тұр­­­­­ғындарды спортпен жаппай шұғыл­данып, саламатты өмір сал­тын ұс­тануға шақырды. Қарт­­тарға арнап қойыл­ған кон­церт­тік қойылымда ба­лаша қуан­ған зейнеткерлер би би­леп, ән салып, мереке шаттығына бөленді.

 

ШЫМКЕНТ