Осы оқиға бойынша ҚР ҚК 306-бабының 3-тармағы бойынша (Адам өліміне әкеп соққан, қауіпсіздік талаптарына сай келмейтін қызмет көрсету) қылмыстық іс қозғалды.
Еске салсақ, осы жылдың 25 мамырында Қарағандыдағы орталық саябақта қатты жел балалар ойнайтын батутты төңкеріп тастап, соның салдарынан 11 жасар бала сол жерде жантәсілім еткен болатын.