Аймақтар • 13 Маусым, 2019

Қарағандыда «Балғын құтқарушы» сайысы өтті

358 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Кеншілер астанасында өткен «Балғын құтқарушы» облыстық сайысында қалалық және аудандық кезеңдерде үздік шыққан командалар күш сынасты.

Қарағандыда «Балғын құтқарушы» сайысы өтті

«Жауынгерлік өрістету», «Табиғи орта жағдайындағы іздеу-құтқару жұмыстары» және басқа да сынақтар бойынша тамаша өнер көрсеткен Қарағандыдағы А.Байтұрсынов атындағы №41 мектеп-гимназиясының «Жалын» командасы жарыс қорытындысында жеңіске жетті.

Жезқазған қаласынан келген балғын құтқарушылар ұжымы екінші орын алса, Осакаров ауданының командасы жүлделі үшінші орынды қанағат етті.

Сайыс жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттау барысында Қарағанды облысы бойынша ТЖД бастығы Ыбраһым Күлшімбаев балғын құтқарушылардың жеңіске деген құлшынысы мен ұйымшылдығын атап өтті. «Осы жарыста үйренген барлық дағдылары келешекте оларға керек болады», деді облыстың бас құтқарушысы.