Президент • 13 Маусым, 2019

Әли Бектаев: Ең бастысы – ел бірлігі

529 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Әли Бектаев: Ең бастысы – ел бірлігі

Президент ресми түрде өз қызметіне кірісті. Оны халық болып сайладық, халықтың 77%-ы сайлауға келді. Басым көпші­лігі Қасым-Жомарт Кемелұлына дауыс берді. Елімізге ең алдымен бірлік пен ынтымақ тілей­мін! Басымыздан бақ таймасын! Еліміздің дамуы одан әрі қарыштай берсін. Бейбіт аспан астында ғана дами аламыз. Барлығымыздың негізі мақ­сатымыз – даму. Дамысақ, бар­лығы жақсы болады. Бала­лары­мыз жақсы мемлекетте өмір сүреді.  Ол үшін әрбір қазақ еліне жаны ашып, гүлденуі үшін еңбек етуі керек. «Ауыл» партиясының өкіліне 200 мыңнан астам халық дауыс берген. Әр дауысқа ризамыз. Әлбетте көбірек болса деген тілегіміз бар. Өйткені ауыл барлығымыз үшін де қасиетті. Ауылдың жағдайы жақсы болса, мемлекеттің жағдайы да жаман болмайды. Алда әлі Парламент сайлауы бар. Оған дейін халыққа ауылдың бағасын түсіндіре аламыз деген ой бар. Амандық болса алдағы сай­лауда бізді қолдайтын жақ­тау­шыларымыз көп болады деп сенемін. Қазіргі жеңіс – халқы­мыздың жеңісі. Ол – жастар мен болашақтың жеңісі. 


Әли БЕКТАЕВ,

Парламент Сенатының депутаты