13 Маусым, 2019

Түркі тілдес елдердің жайдарманшылары елордада бас қоспақ.

454 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Маусымның 16 жұлдызында Нұр-Сұлтан қаласының қоғамдық даму істері басқармасы мен «Қазақстан КВН Одағы» республикалық жастар қоғамдық бірлестігінің қолдауымен түркі тілдес жастарының арасында “Жайдарман” ойыны өткізілмек.

Ойынға Қазақстан, Ресей (татар,башқұрт), Қырғызстан, Өзбекстан, Моңғолия елдерінен 10-нан аса команда қатысуға ниет білдірген.Халықаралық әзіл фестивалі Бейбітшілік және келісім сарайында өтеді.

Бүгінде “Жайдарман” ойыны жастардың тек өнер алаңы ретінде ғана емес, қоғамдағы актуалды мәселелерді әзілмен астарлай жеткізетін өнер додасына, көрермен көзайымына айналған телевизиялық жобаға айналған. Жастар арасында қызығушылық танытушылар көбейіп, әзілкештер қатары күннен-күнге қосылуда. “Жайдарман” жобасы студенттер, оқушылар, жастардың  200 000-ға жуығын бір алаңға  топтастырған екен. Жастар жылы аясында бұндай жобалардың болуы өзіндік оң нәтиже беретіні анық.