Аймақтар • 13 Маусым, 2019

Байқоңыр ғарыш айлағында емхана ашылды

355 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Былтырғы жылдың 1 қаңтарынан бастап, Байқоңыр қаласындағы ОМО филиалында емхана ашылды.

Байқоңыр ғарыш айлағында емхана ашылды

Бүгінгі күні осы уақытқа дейін Ресей Федерациясының медициналық ұйымдарынан қызмет алып жүрген 25 мыңнан аса қазақстандық тіркелді. Ақай, Төретам елді мекендеріндегі халыққа мамандандырылған медициналық көмекті қолжетімділігін арттыру мақсатында 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап осы елді - мекендерде орналасқан медициналық ұйымдар Байқоңыр қаласындағы облыстық медицина орталығының филиалының құрамына берілді.

Амбулаториялық деңгейде берілетін тегін дәрі–дәрмектерге Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде амбулаториялық деңгейде тұрғындарды тегін дәрі-дәрмектермен қамтамасыз ету үшін 2018 жылға бөлінген қаржы былтырғы жылмен салыстырғанда 2 есеге өсіп, 6 млрд 431 млн теңгеге жетті.

Елбасының «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасы аясында 32 медициналық ұйымдарға медициналық ақпараттық жүйелер енгізіліп, көрсеткіш 100% жеткізілді.