Аймақтар • 13 Маусым, 2019

Кәсіпкерлер туған жеріне көмек беруде

375 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қызылорда облысында жекеменшік әріптестік жобалары жақсы қарқын алды. Бұл ретте Жаңақорған ауданын мысалға алуға болады. Аудан кәсіпкерлерімен 40 жоба мақұлданса енді оның он алтысы биыл пайдалануға беріледі.

Кәсіпкерлер туған жеріне көмек беруде

Биыл Билібай ауылында фельдшерлік-акушерлік бекеті іске қосылса, енді алты ауылда осында амбулаториялық нысандар салынады екен. Мұның бәрі аудандағы кәсіпкерлердің көмегімен жүзеге асырылып жатыр.

Ал, елге белгілі кәсіпкер Талғат Ысқақов Жаңарық ауылында үш жүз адамға арналған спорт кешенінің құрылысын бастады. Сондай-ақ, мемлекеттік жекеменшік әріптестік жобасы аясында биыл он елді мекенде сауықтыру орталықтарының шаңырағы көтеріледі екен.

Бұл жоба екі жаққа да тиімді. Мемлекет осы нысандарды салуға кететін қаржыны әлеуметтік саланың осал тұстарына бағытталса, кәсіпкер қаржысын еселеуге мүмкіндік алады. Ең бастысы, өзіне кәсіпкер болуына жағдай туғызған Отанының мықты болашағына үлесін қосады.