Қазақстан • 13 Маусым, 2019

Еліміздің бірқатар өңірінде дауылды ескерту жарияланды

266 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

14 маусым күні Қостанай, Қызылорда және Солтүстік Қазақстан облыстарында жел соғып, бұршақ жауады деп хабарлады «Қазгидромет» РМК.

Еліміздің бірқатар өңірінде дауылды ескерту жарияланды

14 маусымда Қостанай облысының кей жерлерінде найзағай, бұршақ, солтүстіктен жел соғады, күші 15-20 м/с күтіледі.

Дабылды ескертудің ықтималдылығы 90-95%


Күндіз 14 маусымда Солтүстік Қазақстан облысында кей жерлерде найзағай, дауыл, бұршақ күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, кей жерлерде екпіні 15-20 м/с күтіледі.                      


Петропавлда 14 маусым күні күндіз найзағай, дауыл, бұршақ күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі.


Дауылды ескертудің ықтималдығы 90-95 %

14 маусымда таңертең және күндіз Қызылорда облысының кей жерлерінде найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан, солтүстіктен жел соғады, күші кей жерлерде 15-20, екпіні 23 м/с.

Дабылды ескертудің ықтималдылығы 95-100 %

15 - 17 маусым аралығында Шығыс Қазақстан облысы, 15-16 маусымда Түркістан, Жамбыл, Алматы облыстарында және Алматы қаласының іргелес аумақтарында жаңбыр болуы мүмкін, кей жерлерде қатты, таулы өзендерде су деңгейлерінің көтерілуі және бүйірлі ағынның қалыптасуы күтіледі.