Аймақтар • 13 Маусым, 2019

Қызылордада суретшілер симпозиумы басталды

332 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қызылорда облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының ұйымдастыруымен «Аға ұрпақ өнері - жастарға аманат» атты Халықаралық суретшілер симпозиумы басталды деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар баспасөз қызметі.

Қызылордада суретшілер симпозиумы басталды

Симпозиумның мақсаты - талантты жастарға қолдау көрсету, бейнелеу өнері саласындағы еңбек сіңірген қайраткерлер мен талантты жас қылқалам шеберлерінің басын қосып, көркемсурет саласы бойынша пікірлесу, өзара тәжірибе алмасуды жүзеге асыру болып табылады.

Симпозиум барысында облыс орталығындағы Көркемсурет галереясына Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері Салихитдин Айтбаевтың есімі берілген.

Халықаралық симпозиумға Өзбекстан, Қырғызстан, Ресей елдерімен қатар, республикаға танымал қылқалам шеберлері мен жергілікті белгілі суретшілер мен жастар қатысты.

Симпозиум жұмысы Қорқыт атаның жай тапқан жері – Қармақшы топырағынан басталып, Қамбаш көлінде жалғасын тауып, Қызылорда қаласында қорытындыланады деп жоспарланып отыр.

Симпозиум қорытындысы бойынша 25 маусымда Көркемсурет галереясында көрме ұйымдастырылады.