Президент • 14 Маусым, 2019

Міндет – тұрақты даму

323 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Барша қазақстандықтар сияқты мен де еліміздегі елеулі оқиғаны – Қазақстан Республикасы Президентін ұлықтау рәсімін тамашаладым. Өйткені Президенттің инаугурациясы аса маңызға ие, айтулы оқиға.

Міндет – тұрақты даму

Тәуелсіздік алған жылдардан бері алғаш рет жа­ңа Президент сайланып, Қа­зақ­стан Республикасына адал қызмет ету үшін ант қа­­былданды. Бұған дейінгі сайлау алдында Nur Otan пар­тиясы атынан ұсынылған Қасым-Жомарт Тоқаевқа то­­лықтай қолдау білдірдік. Бүгінде айқын әрі басым дауыс жинап жеңіске жетті. Инаугурация кезінде Қасым-Жомарт Кемелұлының ұсы­нысы мен жоспары, келешекке бастаған басым бағ­дарлары қаншалықты өзекті, орынды екенін ұғындық. Сай­ланған алғашқы күннен бастап, өзінің нақты шешімдер қабылдау арқылы бас-аяғы бүтін жоспарымен, ауқымды да­­йын­дықпен келгенін көр­сет­ті. Көпшіліктің ертеңге де­ген сенімі оянды деген ойдамын.

Президент өз сөзінде ха­лықты билік пен қоғам ара­сындағы қатынас алаң­дата­тынын айтты. Сондықтан Ұлт­тық қоғамдық сенім кеңесін құру­ды ұсынды. Кеңеске жас­тарды қоса алғанда, бүкіл қо­ғамның өкілдері кіретінін айтты. Бұл аса маңызды бастама болмақ. Халықпен тікелей байланыс орната отырып, сан салалы қоғамдық мәселелердің оң шешімін бірге қарастыру міндеті тұр. Бұл қадам арқылы халықтың сенімі ұялайды, тұрақ­тылық орнайды, бірлескен істің нәтижесі болады.

Қ.Тоқаев  Елбасы Н.Назар­баев­­­­­­­тың бас­тамалары ал­дағы уақытта да жалғасын таба­тынын жеткізді. Бүгінге дейін ел дамуының тетігі санал­ған қай сала болмасын аяқтан тұрып, жемісті нәтижеге қол жеткіздік. Соның ішінде елдің мәдени-рухани бағыттағы бағдары бағаланып, бағы жанды. Сонымен қа­тар бү­гінде Қазақ елінің әлем ал­дын­дағы беделі мен ұста­нымын биік тұғырдан түсірмей, келешек ұр­паққа аманаттау, тұрақты даму жолынан таймау міндеті тұр.

 

Надежда ГОРОБЕЦ,

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Абай атындағы қазақ Мемлекеттік академиялық Опера және балет театры директорының орынбасары