Аймақтар • 14 Маусым, 2019

«Жасыл елдің» жаңа маусымы

418 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Махамбет Өтемісұлы атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінде жастар комитетінің ұйымдастыруымен студенттік құрылыс және «Жасыл ел» жастар еңбек жасағы биылғы маусымын салтанатты түрде ашты.

«Жасыл елдің» жаңа маусымы

Университеттің құрылыс тобында 20 жауынгер бар. Ал БҚМУ-дың 120 адамдық «Жасыл ел» командасы 2001 жылдан бері республикалық деңгейде үнемі биіктен көрініп, талай мәрте «Үздік команда», «Үздік сарбаз», «Үздік сардар», «Үздік университет» атақтарын жеңіп алған. Биыл да жаз айында еңбек етіп, облыс орталығын абаттандырғалы отырған жас жауынгерлерге Батыс Қазақстан облыстық жас­тар саясаты мәселелері бас­қармасының бас маманы Әділгерей Зұлхаров, Жас­тар­мен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығы басшы­сы­ның міндетін атқарушы Альфия Жақсығалиева, Орал қаласы ақпараттық талдау және жастармен жұ­мыс жөніндегі ресурстық орта­лығының басшысы Болатбек Сахиев келіп, еңбек маусымына ақ жол тіледі.

2019 жыл – Жастар жылында Махамбет Өтеміс­ұлы атындағы Батыс Қа­з­ақ­стан мемлекеттік университеті Аккредитация және рейтинг тәуелсіз агент­тігінің шешімімен (НААР) халық­аралық институ­ционалдық аккредитациялаудан табыс­ты өтті. Агенттік шешімі 
7 жылға жарамды. 90 жылдық тарихы бар, бүгінге дейін 70 мың маманды түлеткен қара шаңырақтың халықаралық деңгейде танымал болғанын естіген студенттер қуана қол соқты.

Студент жастардың жаз­ғы еңбек маусымына шы­ғуына арналған салтанат­ты жиынға ардагер ұстаздар Жұбанышқали Жәрдемов, Владимир Салов, Абат Қыдыршаев қатысып, жас­тар­дың еңбек майданына табыс тіледі.

 

Батыс Қазақстан облысы