Аймақтар • 14 Маусым, 2019

Көше шамы көбеймек

495 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алдағы уақытта облыс аумағындағы 225 мыңнан астам тұрғыны бар ауыл-қалаларда 10 мың жаңа көше шамы орнатылады. Бұл туралы облыс әкім­ді­гі мен Еуропа қайта құру және даму банкі арасындағы келісім­шарт­қа қол қою рә­сімінде айтылды.

Көше шамы көбеймек

Шараға облыс әкімі Даниал Ахметов пен ЕҚДБ-ның Ор­та­лық Азия елдеріндегі бас­қарушы директоры Бруно Бал­ванера қатысты. «Осы жұ­мыс­тың нәтижесінде сіздер кем дегенде 50, әйтпесе 60 пайыз электр қуатын үнемдейтін боласыздар. Шығыс Қазақстанға қа­тысты жоба өзге өңірлерімен са­лыс­тырғанда инновациялық екенін де айту керек. 2017 жы­лы қолға алынған жоба екі ке­­зең­­нен тұрады, оның бірін­ші­­сінде Өскемен мен Семей қа­лаларындағы көше шамдары жаңартылды» дейді Бруно Бал­ванера.

Жоба бойынша ЕҚДБ Шы­ғыс Қазақстан елді ме­кен­де­рін заманауи жарық­тан­дыру жүйелерімен қамтуға шамамен сегіз миллион еуро көлемінде қаржы бөлмек.

Шығыс Қазақстан облысы