Спорт • 14 Маусым, 2019

Олимпиада жолдамасын иеленді

413 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Садақ атудан Голландияның Хертоген­бос қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатында Қазақстанның ерлер құрамасы Олимпия ойындарының жолдамасын иеленді.

Олимпиада жолдамасын иеленді

Классикалық үлгіде садақпен ату бәсекесінде құрамында Денис Ганькин, Санжар Мұсаев және Ильфат Абдулин сынды мергендері бар Қазақстан құрамасы 1/8 финалда АҚШ спортшыларымен сайысқа түсті. Рио Олимпиадасының күміс жүлдегері, көптеген аса ірі халықаралық жарыстардың жеңімпазы деген дардай атақтары бар командаға қарсы тартыста жерлестеріміз жанкештілік танытып, 6:0 есебімен айқын жеңіске қол жеткізді.

Осы табысының арқасында біздің мергендер келесі жылы Токио төрінде бақ сынау құрметіне ие болды. Сөйтіп араға 20 жыл салып, садақшыларымыз жаһандық додада қайта өнер көрсетеді.