Футбол • 14 Маусым, 2019

«Реал» 303 миллион еуро жұмсады

404 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Осыған дейін Францияның «Лионын­да» ойнаған Ферлан Менди Испания Премьер-лигасында өнер көрсететін Мадридтің «Реал» клубының жейдесін киді.

«Реал» 303 миллион еуро жұмсады

 Сол қапталдағы қорғаушымен корольдік клуб алты жылдық келсімшартқа отырды. Тегі сенегалдық футболшының трансферлік құны 48 миллион еуроны құрап отыр. Осыған дейін Менди «Гавр» мен «Лионның» сапында ойнады. Былтырғы маусымда ол Францияның ұлттық құрамасы сапында екі кездесу өткізді. Осылайша «Реал» жаңа ойыншыларды сатып алу жағынан өзінің бұрынғы рекордын жаңартты. Биыл олар өз командасын күшейту мақсатында 303 миллион еуро жұмсады. Биыл мадридтік команданың сапына Ферлан Мендиден бөлек, бельгиялық Эден Азар («Челси», 100 миллион еуро), сербиялық Лука Йович («Айнтрахт», 60 млн) және бразилиялық Эдер Милитан («Порту», 50 млн) мен Родриго Силва де Гоис («Сантос», 45 млн) қосылды.

Дайындаған

Ғалым СҮЛЕЙМЕН,

«Egemen Qazaqstan»