Саясат • 14 Маусым, 2019

Әзербайжан депутаты: Бауырлас халқымыз дұрыс таңдау жасады

491 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Әзербайжанда Қазақстандағы Президент сайлауында жеңіске жеткен Қасым-Жомарт Тоқаев халықаралық беделге ие тәжірибелі саясаткер ретінде танымал. Бұл туралы Әзербайжан Ұлттық мәжілісінің депутаты Элман Насыров мәлімдеді.

Әзербайжан депутаты: Бауырлас халқымыз дұрыс таңдау жасады

«Әзірбайжанда Қасым-Жомарт Тоқаев тәуелсіздіктің алғашқы күндерінен бастап мемлекетінің игілігіне қызмет еткен халықаралық беделге ие тәжірибелі саясаткер ретінде танымал» деді Ұлттық мәжіліс депутаты Report ақпараттық агенттігіне берген сұхбатында.

Ол президент сайлауында жеңіске жеткен Қ.Тоқаев халықтың әл-ауқатын жақсартуға, экономиканы дамытуға, сондай-ақ саяси өзгерістер мен қазақстандық қоғамды жақсартуға бағытталған елдің стратегиялық бағытын жалғастыратынына сенетінін айтты.

«Қазақстан Қ.Тоқаевтың басшылығымен сыртқы саясатқа негізделген жұмысын жалғастырып, бүкіл әлемде бейбітшілік пен тұрақтылықты қамтамасыз етуге бағытталған жаһандық бастамаларды жүзеге асырады. Сонымен қатар Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың саяси бағыты жалғасын табады деп ойлаймын» дейді Э.Насиров.

Оның айтуынша, Әзірбайжан мен Қазақстан бауырластық қатынасы мен стратегиялық әріптестік деңгейін арттыра бермек.

«Дана және бауырлас қазақ халқы дұрыс шешім қабылдағанына күмәнім жоқ» деді депутат.