14 Маусым, 2019

Күршім ауданында 4 көпбалалы отбасы баспаналы болды

1309 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бір баспана Марқакөл ауылынан, 3 үй Күршімнен берілді.

Күршім ауданында 4 көпбалалы отбасы баспаналы болды

Күршім ауданында жалғызбасты, көпбалалы аналарды, мүмкіндігі шектеулі, мұқтаж жандарды қолдауға арналған "Қайырымды жандар" акциясы өтті. Шара барысындажергілікті кәсіпкерлер көпбалалы отбасыларға 4 баспана сыйлады. Бір баспана Марқакөл ауылынан, 3 үй Күршімнен берілді. Сондай-ақ, Боран мен Күршім ауылдарында тұратын 2 көпбалалы отбасының үйіне демеушілер тарапынан жөндеу жұмыстары жүргізілетін болды. Акция аясында қомақты қаражат жиналды. Түскен қаржы жалғызбасты, көпбалалы аналарға көмек ретінде берілетін болады. «Ауданымызда 363 көпбалалы ана бар. Шараға белсене атсалысып, көмектерін көрсеткен барлық азаматтарға алғыс білдіремін. Бір қуантары, мұндай шараны өткізуге ауданымыздың кәсіпкерлері, тұрғындары өздері мұрындық болып отыр. Аталмыш шара ауданымызда дәстүрге айналып, жылда өткізілетін болады»  дейді аудан әкімі Дулат Қажанов.

5 бала тәрбиелеп отырған жалғызбасты ана Нұрсила Сүйінбаеваның қуанышында шек жоқ. 5 жылдан астам баспана алуға кезекте тұрған ананың  арманы орындалды. «Бүгін біз үшін өте қуанышты күн. Баспана сыйлап жатыр. Ел ағаларына алғысым шексіз. 5 баланы жалғыз тәрбиелеп отырмын. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын» дейді көпбалалы ана.


Шығыс Қазақстан облысы,

Күршім ауданы