Аймақтар • 15 Маусым, 2019

Үздік дәрігерлер баспаналы болады

310 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қызылорда облысы әкімінің орынбасары Руслан Рүстемов денсаулық сақтау саласы қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтады.

Үздік дәрігерлер баспаналы болады

Н.Бекежанов атындағы облыстық музыкалық-драма театрында медицина қызметкерлері күніне арналған мерекелік іс-шарасында Қызылорда облысы әкімінің орынбасары Руслан Рүстемов денсаулық сақтау саласы қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтады, "Денсаулық сақтау саласының қаржысы бір жылдың өзінде облыс әкімінің қолдауымен 7,2%, соның ішінде материалдық-техникалық базасын арттыруға бөлінген қаржы 20,2% өсті. Облыстағы денсаулық сақтау ұйымдарын заманауи медициналық техникамен жабдықтау 2018-2019 жылдардың өзінде 34,9% өсіп, қамту 79,26% құрап отыр", - деп атап өтті Руслан Рүстемұлы.

Салтанатты шарада облыстың үздік дәрігерлері құрмет грамоталарымен және алғыс хаттармен, сондай-ақ "Денсаулық сақтау саласын дамытуға қосқан үлесі үшін" және "Денсаулық сақтау ісінің үздігі" төсбелгілерімен марапатталды.

Облыс әкімінің орынбасары медицина қызметкерлері күніне арналған жиында өңірдің үздік 5 дәрігеріне тұрғын үй алуға сертификат табыстады. Оларға тұрғын үйдің бастапқы жарнасы 1 млн. және 500 мың теңге сомасындағы сертификаттар берілді.


                              Қызылорда облысы.