Руханият • 15 Маусым, 2019

Мемлекеттік қызметші арулары анықталды

364 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

А.Тоқмағамбетов атындағы мәдениет үйінде «Мемлекеттік қызмет аруы» байқауы өтті.

Мемлекеттік қызметші арулары анықталды

Еліміз бойынша алғаш рет өткізілген мемлекеттік қызметшілер арасындағы нәзік жандылардың байқауында 5 мемлекеттік қызметкер бақ сынады. Атап айтқанда, Арал, Қармақшы, Сырдария, Жаңақорған және Шиелі аудандарының әкімдіктерінде қызмет атқаратын бас мамандар мен жетекші мамандар қатысты деп хабарлайды Өңірлік Коммуникациялар баспасөз қызметі

Байқау «23 маусым -Мемлекеттік қызметші күні» кәсіби мерекесіне орай ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментімен ұйымдастырылған.

Байқауға қатысушы арулар «Менің таңдауым мемлекеттік қызмет» бейнебаяндар арқылы өздерін таныстырып, «Қызды тәрбиелеген – ұлтты тәрбиелейді» даналық сөздердің мағынасын ашу, «Өнер» және «Тақырыптық қойылым» секілді төрт кезеңнен өтті.

Арулар ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті басшысының дипломымен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.


                              Қызылорда облысы.