Аймақтар • 15 Маусым, 2019

Ауылда да субұрқақ бар

1143 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Шиелі ауданында Ә.Тәжібаев атындағы ауылда су бұрқағы ашылды.

Ауылда да субұрқақ бар

Қазақтың талантты ақыны, драматург, әдебиет зерттеуші, филология ғылымының докторы Әбділда Тәжібаевтың 110 жылдық мерейтойы қарсаңында ашылған субұрқақ «Олжас» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры Жұматов Талғат Тасболатұлының демеушілігімен салынды.

Құны алты млн. теңге болатын субұрқақ ауыл тұрғындары үшін аса қуанышты жағдай екендігі түсінікті. Шіліңгір шілденің ми тесетін аптабында жанына сая іздеген жандар үшін бұл алаң жақсы демалыс орны болады.

Аталған шараға қатысқан аудан басшылығы мен құрметті қонақтар ауылға үлкен сыйлық жасаған кәсіпкерге рахмет айтып, ауыл тұрғындарының қуанышымен бөлісті.


                              Қызылорда облысы