Бизнес • 15 Маусым, 2019

Кәсіпті жетілдіру үшін білім керек

429 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қызылордада кәсіпкерлік саласында жүрген әйелдер қауымына арналған «WECON-19» аймақтық конференциясы Ұлттық экономика министрлігінің қолдауымен және Еуропалық қайта құру және даму банкінің ұйымдастыруымен өтті.

Кәсіпті жетілдіру үшін білім керек

Еуропалық қайта құру және даму банкінің «Кәсіпкерлік саласындағы әйелдер» бағдарламасының Қазақстандағы үйлестірушісі Евгений Сон кәсіпкерлер өз бизнесін өркендету үшін ұдайы білімін жетілдіру қажеттігін айтады. Бұл ретте ірі мегаполистердегі іскер әйелдердің жолы болады екен. Олар бизнес әлеміндегі жақсы жаңалықтармен үнемі хабардар болып отырады. Сондықтан, облыстық деңгейде ұйымдастыру орта кәсіпкерлікті ірі компанияға айналдыруда жақсы көмегін тигізеді.

Аймақтық конференция осы мақсатты көздеп, іскер әйелдермен биыл екінші рет жаңа форматта кездесу өткізді.

 

                                      Қызылорда облысы