Аймақтар • 16 Маусым, 2019

Солтүстік Қазақстанда өрт сөндіру-құтқару спортынан республикалық турнир аяқталды

388 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Өрт сөндірушілер мен құтқарушылардың спорттық федерациясы ұйымдастырған республикалық турнир бірнеше күнге созылып, мәреге жетті.

Солтүстік Қазақстанда өрт сөндіру-құтқару спортынан республикалық турнир аяқталды

Спорттық додаға еліміздің барлық облыстарынан, Нұр-Сұлтан, Алматы  мен Шымкент қалаларынан келген 190 спортшы өзара күш сынасып, ептілік байқасты. Әйелдер және ерлер құрама командалары кедергілерге толы 100 метрлік жолды жүгіруден, оқу мұнарасының қабаттарына саты арқылы көтерілуден,  күнделікті қызметтеріне байланысты тапсырмаларды орындаудан жалпыкомандалық және жекелей сынға түсті.

  Жалпыкомандалық есепте әйелдер арасында бірінші орынды Шымкент қаласының спортшылары жеңіп алды. Екінші орын - Ақтөбе, үшінші орын Нұр-Сұлтан қаласының командаларына бұйырды.  Ерлер арасында шығысқазақстандықтар алдарына жан салмады. Атыраулықтар екінші, батысқазақстандықтар үшінші орынды иеленді.

  Жеңімпаздар мен жаттықтырушыларына медальдар, дипломдар, бағалы сыйлықтар табыс етілді.


Солтүстік Қазақстан облысы.