Медицина • 16 Маусым, 2019

Солтүстік Қазақстанда медицина қызметкетерлерінің күні атап өтілді

572 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Аймақ басшысы Құмар Ақсақалов өңір дәрігерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтады.

Солтүстік Қазақстанда  медицина қызметкетерлерінің күні атап өтілді

Салтанатты жиында сала бойынша атқарылып жатқан жұмыстар жан-жақты таныстырылды. Соңғы жылдары денсаулық сақтау саласына бөлінген қаржы 55процент өсті. Медициналық қондырғыларды сатып алуға берілетін қаражат 2 есе ұлғайды. Тағы да заманауи қондырғылар сатып алынып, 14 емдеу мекемесі күрделі жөнделмек.

   «Сапалы әрі тиімді жұмыс істеу үшін емдеу мекемелерінің материалды-техникалық базасын жақсартуымыз қажет. Қыркүйек айында магнитті резонанстық томография және ангиограф қондырғылары алынады. Компьютерлік томограф пен цифрлық маммограф келеді. Аудандарға 700 миллион теңгеге 25 қондырғы сатып алынады», деді Құмар Іргебайұлы.   

  Медицина қызметкерлеріне жағымды жаңалық жеткізілді. Күзге таман Петропавлда көпсалалы аурухананың құрылысы басталады. Ауқымды жобаны түрік компаниясы жүзеге асырады. Онда өңір тұрғындарымен қоса көршілес облыстар мен Ресейдің азаматтары да емделе алады. Осы мақсатпен  200 дәрігер шетелге оқуға жіберіледі.

  Салтанатты жиын барысында бір топ дәрігерлерге «Денсаулық сақтау саласының үздігі» төсбелгісі мен алғыс хаттар табыс етілді.


Солтүстік Қазақстан облысы.