"Көршілес қонақ үйден өрт шыққанын естісімен, сонда жүгіріп бардым. Онда екінші қабатқа көтерілетін баспалдақ болған жоқ. Бірақ, қабырғаға жақын қойылған баннерді көріп, соның үстіне шықтым. Терезеден ішке кіріп, төрт баланы көрдім. Бәрін терезеден шығарып, төмендегі жігіттерге бердім. Келесі бөлмеде тағы 4 бала отырды, оларды да терезеден шығардым. Сосын өрт сөндірушілер келді", - деді "Башня" мейрамханасының күзетшісі Нұркен Дүйсенбаев.
Нұркен Дүйсенбаев 21 жаста. Ол Тараз қаласынан келіп, Атырау мұнай және газ институтына оқуға түскен. Мейрамханада күзетші болып, қосымша табыс табады.
Менен батыр жасаудың қажеті жоқ. Менің орнымда болған кез келген адам көмекке келер еді. Оның үстіне балалар болса, еш ойланбастан жәрдемдесу қажет", - деді ол.