Әлем • 17 Маусым, 2019

​Қазақстан Елшісі Сауд Арабиясы Короліне Сенім грамоталарын тапсырды

516 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Әл-Салам сарайында Қазақстанның Сауд Арабиясы Корольдігіндегі Елшісі Берік Арын Сауд Арабиясының Королі, Қасиетті Қос Киенің Сақшысы Салман бен Әбдел Азиз Әл Саудқа Сенім грамоталарын тапсырды. Бұл туралы СІМ баспасөз қызметі хабарлады.

​Қазақстан Елшісі Сауд Арабиясы Короліне Сенім грамоталарын тапсырды

Кездесу барысында Қасиетті Сауд Арабиясы Королі жаңа сайланған Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа өзінің ыстық сәлемі мен ықыласын жолдап, Қазақстан халқына толассыз өркендеу мен даму тілектірін білдірді.

Король Сауд Арабиясының Қазақстанмен жан-жақты ынтымақтастықты дамыту мен тереңдетуге мүдделілігін қуаттай отырып, Елшіге дипломатиялық қызметінде жемісті болуына тілектестік білдірді.

Өз кезегінде, Қазақстан Елшісі екі ел арасындағы достық қарым-қатынастарды нығайтуға бар күш-жігерін салатынына сендірді.