Қазақстан • 17 Маусым, 2019

Қазақстан Халықаралық әкелер күнін атап өтті

2308 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Мәселен, Қазақстанда мектеп жасына толмаған балалардың күтімі мен тәрбиесіне әкелердің тек 6,6% ғана қатысады. Сонымен елімізде мамандықтары әр түрлі әкелер Халықаралық әке күнін атап өтіп, балаларды тәрбиелеу тәжірибесімен бөлісу үшін Қазақстандағы Біріккен Ұлттар Ұйымына қосылды.

Қазақстан Халықаралық әкелер күнін атап өтті

БҰҰ-ның Балалар қоры (ЮНИСЕФ), БҰҰ-ның тұрғын халық саласындағы қоры (ЮНФПА), «БҰҰ Әйелдері» құрылымы ұйымдастырған іс-шараға БАҚ, халықаралық ұйымдар және азаматтық қоғам өкілдері қатысты. Қатысушылар өздері үшін әке болу деген не екенін және қандай да бір қиындықтарды жеңіп, өз балаларының өміріне белсенді түрде қатысатыны туралы айтып берді.

«Бала тәрбиесіне әкелердің қатысуы баланың жалпы дамуына ғана оң әсерін тигізіп қоймай, үйдегі серіктестер арасындағы үй жұмысын теңдей бөлу арқылы отбасының нығаюына да септігін тигізеді», – дейді БҰҰ-ның тұрақты үйлестірушісі Норимаса Шимомура.

«Бұл өте өкінішті, себебі бала күтіміне байланысты ауыртпалық көбінесе анаға түседі және әкелер өз балаларының өмірлерінде маңызды рөлді атқару мүмкіндігін жоғалтады», – деді БҰҰ-ның тұрақты үйлестірушісі Норимаса Шимомура.

Бүкіл әлемде ер адамдар балалар күтімімен және үй шаруасымен күннен күнге көбірек айналысуда. Алға даму байқалады, алайда өзгерістер өте баяу жүзеге асуда. 1997 жыл мен 2012 жылдар арасында әйелдер мен еркектердің үй жұмысымен айналысуға бөлетін уақытындағы айырмашылық күнделікті тек жеті минутқа қысқарған.

Әйелдер үйден тыс уақытта ер адамдармен бірдей уақыт жұмыс істегенде де, бұл теңсіздік сақталады. Бүгінгі күні Қазақстандағы әйелдер ер адамдармен салыстырғанда үй жұмысына екі есе көп уақыт жұмсайды. Сонымен қатар, қазақстандық әйелдердің 66% үйден тыс жұмыс істейді. Салыстыратын болсақ, еңбек нарығындағы ерлер үлесі тек 11% ғана артық және жалпы 77%. құрайды.

Әкелер күнінде БҰҰ Балалар қоры (ЮНИСЕФ) өкілі Артур ван Дизен, тележүргізуші Данияр Қошқарбаев, «Аутизм. Қолжетімді орта» қорының негізін қалаушы және «Әкелер одағы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы міндетін атқарушы Руслан Қазыбаев, заңгер және әлеуметтік желілердегі инфлюенсер Медет Уссеров сөз сөйледі. Спикерлер ажырасуды бастан кешіргеннен кейінгі әке рөлі, ерекше мұқтаждықтары бар бала мен кішкентай балалардың тәрбиесі туралы сөз қозғады.

Қазақстан «Әкелері Одағының» төрағасы міндетін атқарушы Руслан Қазыбаев баласына төрт жасқа толғанда аутизм диагнозы қойылғаннан кейін «Аутизм. Қолжетімді орта» қорын қалай құрғаны жайлы баяндады. Қордың міндеті – жауапты әке болу маңыздылығын қоғамға түсіндіріп, жаңа норманы қалыптастыру.

«Біз әдетте әкелер жанұяға тек материалдық жағынан көмек көрсету үшін және бала тіл алмағанда тәртіпке келтіру үшін қажет деп ойлаймыз. Әке болу дегеніміз – балаға жақсы дос, серіктес болу және отбасылық міндеттерді бөлісе атқару», – деді Руслан.