16 Мамыр, 2013

Шарайна

231 рет
көрсетілді
6 мин
оқу үшін

Шарайна

Бейсенбі, 16 мамыр 2013 1:35

Ереуілдерді тоқтату бағытындағы қадам

Бейбіт процесс шеңберінде Түркиядан жіберілген күрд содырларының бірінші тобы 14 мамыр күні Солтүстік Иракқа келді. Топты Күрдістан жұмысшы партиясының өкілдері қуанышпен қарсы алған.

 

Бейсенбі, 16 мамыр 2013 1:35

Ереуілдерді тоқтату бағытындағы қадам

Бейбіт процесс шеңберінде Түркиядан жіберілген күрд содырларының бірінші тобы 14 мамыр күні Солтүстік Иракқа келді. Топты Күрдістан жұмысшы партиясының өкілдері қуанышпен қарсы алған.

Бұл символдық қадам Түркияда осыдан ондаған жылдар бұрын басталған ереуілдерді тоқтатуға бағытталып отыр. Көргендердің айтуларына қарағанда, арқаларына қару-жарақ пен рюкзак асынған 13 еркек пен әйел түрік-ирак шекарасындағы Метина тауына жақын жерде орналасқан Херор ауданына келген. Содырлардың түрік күрдтерінің түрмедегі лидері Абдулла Оджалан 8 мамырда оқ атуды тоқтату туралы мәлімдеме жасаған соң, Түркияның оңтүстік-шығысындағы өз позицияларын тастап шыға бастағанын айта кету қажет.

 

Есерсоқ әрекет

Интернет желісінде осыдан бірнеше күн бұрын жан түршіктірерлік бейнеролик орналастырылған. Онда «Омар әл-Фарук бригадасы» атты ереуілшілер отрядының көшбастаушыларының бірі Абу Саккардың қаза тапқан үкімет әскерлері жауынгерінің ішкі органдарын сол жерде жеп қою үшін кесіп алып жатқаны бейнеленген.

Ереуілшілер командирі «Алла атымен ант етемін, біз сендердің жүректеріңді жұлып алып, жеп қоятын боламыз», деген сөздер айтып, өз әріптестерін де осындай әрекетке баруға шақырған. Халықаралық бұқаралық ақпарат құралдарының мәліметтері бойынша, аталған бейнероликтегі каннибализм актісі осыдан бірнеше апта бұрын орын алған көрінеді. Бейне көрініс кең көлемді қоғамдық резонанс туғызып, көптеген халықаралық ұйымдар өкілдері оны айыптауда.

Берлусконидің түрмеге қамалуы мүмкін

76 жастағы «суға салса батпайтын, отқа салса жанбайтын» Сильвио Берлускониге түрмеге түсу қаупі төніп тұрған сияқты. Италия прокуратурасы кәмелетке толмаған жезөкше Карима Махругтің қызметін пайдаланғаны үшін соттан елдің экс-премьерін 6 жылға бас бостандығынан айыруды сұрап отыр.

2011 жылдың қарашасында өзін отставкаға кетуге мәжбүр еткен осы іс шеңберінде Берлускониге қызмет жағдайын асыра пайдаланды деген айып тағылып, прокурорлар оған өмірінің соңына дейін мемлекеттік қызмет атқаруға тыйым салмақ ниетте. Экс-премьердің қорғаушысына сөз маусым айының басында берілмек. Ал үкім сол айдың соңында шығады деп күтілуде.

 

Саясаттағы сәйкессіздік көрінісі

Солтүстік Корея Оңтүстік Корея президенті Пак Кын Хенің Пхеньянға қатысты саясатын ол Корей түбегіндегі дағдарыс ахуалын толық түсінбейтіндігін көрсетті, дей отырып «оғаш» саясат деп атаған. Бұл туралы солтүстіккореялық БАҚ-тарға сілтеме жасай отырып, Ренхап агенттігі хабарлаған көрінеді.

Пак Кын Хе жоғарыда келтірілген сөзді АҚШ-қа өзінің сапары кезінде өткен аптада айтқан болатын. Ол өткен тарихқа құрметпен қарай отырып, өңірдің үйлесімді дамуын қалайтынын жеткізген. Ал, КХДР-ға қатысты Оңтүстік Корея мемлекетінің басшысы ұлттар қоғамдастығының толыққанды мүшесі болу үшін Пхеньян «дұрыс таңдау» жасауы керек деп атап көрсеткен-ді. Солтүстіккореялықтарға да дәл осы сөз ұнамай қалса керек.

 

66-шы Канн фестивалі ашылды

Францияда кино өнері саласындағы ең басты оқиға – 66-шы Канн фестивалі ашылды. Кинобайқау үлкен шу туындатқан Фрэнсис Скотт Фицджеральдтың романы бойынша түсірілген «Ұлы Гэтсби» фильмінен басталады. Еске сала кетейік, басты рөлде Леонардо Ди Каприо ойнаған.

Биыл Стивен Спилберг жюриге төрағалық етсе, оған Николь Кидман, Кристоф Вальц, Энг Ли және басқа да кино қайраткерлері көмек көрсетпек. Конкурсқа 20 кинолента қатысатын болады. Олардың қатарында Роман Поланскидің «Былғары киген Венера», ағайынды Коэндердің «Льюин Девистің ішінде», Стивен Спилбергтің «Канделябрлер үшін», Франсуа Озонның «Барлығы он жеті» және басқа да кинофильм­дер бар. 15 мамырда басталған халықаралық кинофестиваль осы айдың 27-не дейін жалғасатын болады.

 

Нигерияда төтенше жағдай жарияланды

Радикалды исламистердің Нигерия аумағындағы ықпалы барған сайын арта түсуде. Ел президенті Гудлак Джонаттан бірнеше штатта төтенше жағдай жариялағанымен, әзірге губернаторларды қызметтерінен алуды жоспарлап отырмаған көрінеді.

Жергілікті журналистермен кездесуде Нигерия президенті Адамава, Борно және Йобе штаттарында төтенше жағдайлар жарияланғанын, оған өзі терроршылар деп санайтын исламистік топтардың қызметі себепкер болғанын айтқан. Ереуілшілер мен терроршылар мемлекеттегі жағдайды жүйелі түрде тұрақсыздандыруға талпынуда және оның жауынгерлік қабілетін сынға алуда, деп атап көрсеткен президент. Айта кету керек, Нигерия өңірдегі халқы ең көп ел, мұнда 160 миллион адам тұрады, олардың ұстанатын діндері де сан-алуан.

 

Оқ атушының кім екені анықталды

Жаңа Орлеан қаласының полициясы үстіміздегі жылдың 12 мамырында Ана күніне арналған қалалық шеруде оқ атты деген күмәнділердің кім екендігін анықтады. Онда 2 баланы қосқанда 19 адам жарақаттанған болатын.

Полицияның мәліметтеріне қарағанда, оқ атушы – 19 жасар Акейн Скотт. Оны қайғылы оқиға куәгерлері таныған көрінеді. Әзірге күдікті бостандықта жүр. Сонымен бірге, полиция қызметкерлерінің айтуынша, есірткі мен қару-жарақ тарату және тұтқынға алу кезінде қарсылық көрсетулерді қоса алғанда, А.Скоттың мойнында көптеген қылмыстар бар көрінеді. Құқық қорғау органдары қызметкерлерінің үш мекенжайды бақылауда ұстағанына қарамастан, әзірге қылмыскерді ұстаудың сәті түспей отыр.

Интернет материалдары негізінде әзірленді.