Қазақстан • 18 Маусым, 2019

Іске сәт, жас маман!

568 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Биылғы 14 маусымда азаматтық қорғау органдарының қызметкерлері жас құтқарушы офицерлерді өздерінің қатарына қабылдады, олар күні ертең өздерінің теориялық білімдері мен практикалық дағдыларын іс-жүзінде пайдалана отырып, ТЖ комитетінің бөлімшелерінде қызмет етуді бастайды.

Іске сәт, жас маман!

Күндізгі оқыту факультеті кур­сант­тарының шығарылымына арнал­ған салтанатты рәсімге Қазақстан Рес­пуб­ликасы Ішкі істер министрінің орынбасары Ю.Ильин, ІІМ Төтенше жағ­дайлар комитетінің төрағасы В.Беккер, Ақмола облысының әкімі Е.Мар­жық­паев, азаматтық қорғау орган­дарының ардагерлері, құқық қор­ғау және мемлекеттік органдардың өкіл­дері және басқа құрметті қонақтар қатысты.

Көкшетау техникалық институты (КТИ) күндізгі оқу факультетінің курсанттарынан басқа бірнеше жыл бұрын осы институттан барып Ресей және Беларусь ТЖМ жоғары оқу орындарында білім алған 34 жас маман да өмірге жолдама алды. Сонымен қатар Көкшетау техникалық институты халықаралық келісімге сәйкес төртінші жыл қатарынан Қырғызстан ТЖМ үшін мамандарының шығарылымын өткізуде.

20 жылдан астам уақыт ішінде Көк­шетау техникалық институты 4890 маман дайындады, сондай-ақ шетелдік оқу орнының түлектері, Төтенше жағдайлар комитетінің 3661 қызметкері институт қабырғасында қайта дайындау және біліктілікті арттыру курстарынан өтті.

Азаматтық қорғау саласында жо­ғары білікті мамандарды даярлаумен қатар Көкшетау техникалық институты өрт қауіпсіздігі, тө­тенше жағдайларда қорғау және аза­маттық қорғаныс са­лаларындағы ғылыми-зерттеу жұмыстарымен айналысатын болашақ ғалымдарды, сондай-ақ спортшыларды дайындайды.

Барлық түлектер Қазақстан Респуб­ликасы ІІМ Төтенше жағдайлар комите­тінің аумақтық бөлімшелеріндегі лауа­зым­дарға тағайындалған.

Іс-шара дәстүр бойынша Ақмола облысы гарнизонының өрт сөндіру-құтқару техникасының көрмесімен, түлектердің ата-аналарын, олардың жақындары мен жалпы қонақтарды жоғары оқу орнының тарихымен таныс­тырудан басталды.

Шығарылымның салтанатты рәсі­мін ашық деп жариялаған институт бас­тығы, азаматтық қорғау полковнигі Сырым Шәріпханов өзінің сөзінде инс­титут түлектерінің басшылық лауа­­зым­дардағы қызметі мен басқа күш­ құрылымдарында қажеттілігі басым ма­ман­дардың жоғары дайын­дығын көр­сететініне назар аударды.

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары Юрий Ильин өзінің құттықтау сөзінде, жас лейтенанттарды институтты табысты біті­рулерімен, алғашқы офицерлік атақ алуларымен құттықтап, жа­ңа көзқарастары мен заманауи тәсілдері бар жастардың Қазақстан Республикасының тұр­ғындары мен аумағын табиғи және тех­но­гендік сипаттағы төтенше жағ­дайлардан қорғау мәселелерін шешуге ықпал ететініне сенім білдірді.