Бұл күндері Алматы облысы Алакөл ауданының Лепсі ауылында «Қазақ батырлары» жобасы аясында бокстан еліміздің мақтан тұтар азаматтары – Бейжің Олимпиадасының қола жүлдегері Қанат Ислам және әлем мен құрлық чемпионы, Азия ойындарының жеңімпазы Жәнібек Әлімханұлының жүлдесі үшін республикалық турнир өтуде.

«Қазақ батырлары» жобасы белгілі кәсіпкер, қазақтың Атымтай жомарты Бауыржан Оспановтың бастамасымен 2016 жылы қолға алынған болатын. Сол кезден бері жыл сайын Лепсі ауылында орналасқан спорттағы дарынды балаларға арналған мектеп-интернатта Жетісу өңірінен шыққан атақты спортшылардың құрметіне түрлі жарыстар ұйымдастырылып келеді. Бұл күндері Жоңғар Алатауы бөктерінде өтіп жатқан айтулы турнир жоғарыда есімдері аталған қазақтың жуан жұдырықты жігіттеріне арналса, алдағы апталарда басқа да спорт түрлері бойынша бәсекелердің шымылдығы түріледі.
Атап айтсақ, 15-18 маусым аралығында грек-рим күресінен Нұрбақыт Теңізбаев пен Демеу Жадыраевтың жүлдесі үшін жарыстың жалауы желбірейді. Екеуі де ел спортына елеулі еңбек сіңірген азамат. Нұрбақыт Теңізбаев – Бейжің Олимпиадасының күміс және 2009 жылғы әлем чемпионатының қола жүлдегері. Демеу осыдан екі жыл бұрын Париждегі дүниежүзілік доданың ақтық сынында белдесіп, күміс медальды мойнына ілді.
18-21 маусым күндері еркін күрес шеберлері боз кілемге шығады. Республикамыздың әр өңірінен жиналған балғын балуандар Олимпия ойындары мен әлем чемпионатының қола жүлдегері, Азия ойындарының жеңімпазы Мәулен Мамыров және дүниежүзілік додада үшінші сатыға табан тіреген Дәурен Жұмағазиевтің жүлдесі үшін таласады.
Ал 25-28 маусым аралығында дзюдошылардың додасын тамашалаймыз. Жарыс жолына шығатын жас өрендер Олимпиада да асқан шеберлік танытып, жүлдегерлер санатына қосылған Айдын Смағұлов пен Асхат Жіткеев және әлем чемпионатының финалисі Азамат Мұқановтың жүлделерін сарапқа салады.
– Еліміздегі «ZHERSU» деп аталатын іргелі корпорациясының бақылау кеңесінің төрағасы Бауыржан Оспанов Жетісу өңірінен шыққан әйгілі спортшыларға құрмет көрсету мақсатында осындай бастаманы қолға алғанда, барлығымыз ол ұсынысты қуана-қуана қабылдадық. Биыл сол турнир төртінші рет өткізіліп отыр. Айтулы жарыстың деңгейі уақыт озған сайын артып келеді. Сөз орайы келгенде, осы бағытта бізге үнемі қолдау көрсетіп жүрген Бауыржан Кеңесбекұлына, Алакөл ауданының әкімі Әлібек Жақанбаевқа, Алматы облыстық спорт басқармасының бастығы Нұрбақыт Теңізбаевқа зор ризашылығымызды білдіргіміз келеді. Қазіргі кезде Лепсідегі спорт-интернатта оқып жүрген жас өрендердің барлығы да келешекті сол ағалары секілді биік шыңдардан көрінуді армандайды. Ал өз шәкірттерімізге дұрыс бағыт-бағдар беріп, сол белестерге жетелеу – біздің басты парызымыз, – дейді Лепсідегі спорт-интернаттың директоры Сержан Омаров.
Елордада субұрқақтан энтеровирус анықталды
Елорда • Кеше
Мақтаарал тұрғыны ауласынан адам сүйегін тауып алды
Оқиға • Кеше
Өскеменде 4,3 млн теңге жымқырған есепші ұсталды
Оқиға • Кеше
Отандық кәсіпкерлер кеңесінің отырысы жаңа форматта өтті
Үкімет • Кеше
Бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Ауа райы • Кеше
Мемлекеттік баға реттеу мәселелері туралы заңға өзгерістер енгізілді
Президент • Кеше
Биыл Шымкентте 51 үй пайдалануға беріледі
Аймақтар • Кеше
Ақсу электр станциясында жұмысшы қаза тапты
Оқиға • Кеше
Қоғам • Кеше
Алдағы күндері ауа райы қандай болады
Ауа райы • Кеше
Перуде лай көшкінінен 150 үй қирады
Әлем • Кеше
Қазақстанда жинақ салымдары бойынша ең жоғары мөлшерлеме өсті
Экономика • Кеше
Алматыда қоршауға өрмелеген 8 жасар баланы тоқ соқты
Оқиға • Кеше
Қаржы • Кеше
Екібастұзда алаяқтық жасаған күдіктілер ұсталды
Оқиға • Кеше
Үндістанда су тасқынынан 14 адам қаза тапты
Әлем • Кеше
Нұр-Сұлтан мен Алматы студенттер үшін ең үздік қала қатарына қосылды
Қазақстан • Кеше
Қазақстан сыртқы саясатының негізгі бағыттары аталды
Қазақстан • Кеше
Биыл Қазақстанда қандай халықаралық іс-шаралар өтеді
Қазақстан • Кеше
Грек-рим күресінен ел чемпиондары анықталды
Күрес • Кеше
Шетел азаматтары медициналық тексерістен қалай өтеді
Медицина • Кеше
Жалдамалы жұмысшылардың жалақысы 17 пайызға өсті
Қоғам • Кеше
Есірткімен ұсталған ақтөбелік 10 жылға сотталды
Аймақтар • Кеше
«Сары» аймаққа кірген жағдайда карантин күшейтіледі
Коронавирус • Кеше
Ұқсас жаңалықтар