Сингапур Парламентінің төрағасы Тан Чуан-Джин, С.Раджаратнама атындағы халықаралық зерттеулер мектебі мен Temasek Foundation Internationalдың басшылығы, сондай-ақ ДСҰ бөлімдері мен Сингапурдың Сауда және индустрия министрлігінің басшылары семинарда сөз сөйледі.
Шара барысында парламентшілер халықаралық сауданың өзекті мәселелерін талқылады. Атап айтқанда ДСҰ-ны реформалау, Азия аймағындағы сауда байланыстары мен келісімдер, сандық экономика мен электрондық сауданың маңызы, шағын және орта кәсіпорындардың саудадағы өзекті мәселелері, саудадағы дауларды реттеу, сондай-ақ осы мәселелерді шешудегі парламентшілердің маңызды рөлі туралы айтылды.