«Сиқырлы шам» мұражай-отбасылық өнер фестивалі аясында 2019 жылдың 18-28 маусым аралығында «Қазақ елі», «Күлтегін» және «Мұзбалақ» анимациялық фильмдері, сондай-ақ «Алаш туы астында» деректі фильмі Қастеев атындағы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік өнер мұражайында көрсетілетін болады.
Барлық фильмдер «Қазақфильм» АҚ-да Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысы бойынша түсірілген. «Фестиваль барысында мұражай залдарына балаларға кіру тегін және 15:00-ден бастап жоғарыда аталған фильмдермен мультфильмдерді балалар тегін көре алады. Көрсетілімдер Қастеев мұражайының дәрісханасы (1-қабатта) өтеді, 24-маусымнан бөлек (дүйсенбі - мұражайда демалыс күн)», - делінген хабарламада.
АЛМАТЫ