Футбол • 18 Маусым, 2019

Мишель Платини тұтқындалды

381 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Еуропалық футбол қауымдастықтары одағының (УЕФА) экс-президенті Мишель Платини пара алған болуы мүмкін. Бұл туралы Ұлыбританияның Independent интернет-басылымы хабарлады.

Мишель Платини тұтқындалды

18 маусым күні таңертең француз полициясы Париж маңында жүрген Платиниді тұтқындады. Еуропа футболының бұрынғы жетекшісін қамауға алу 2022 жылғы футболдан әлем чемпионатының ұйымдастырушы елін сайлаумен байланысты. Турнирді өткізуді Катар жеңіп алған.

Әлем біріншілігін өткізуге АҚШ, Оңтүстік Корея, Австралия және Жапония мемлекеттері қызығушылық танытқан.

Катардың турнирді ұйымдастыруына сыбайлас жемқорлықтың қатысы бар деп айып тағылды. Осы іс бойынша Футбол қауымдастықтарының Халықаралық Федерациясы (ФИФА) екі жыл бойы тергеу жүргізді, бірақ соңында тағылған айыптар алынып тасталды.

2015 жылдың желтоқсанында Мишель Платини сегіз жылға футболдан шеттетіліп, сыбайлас жемқорлыққа қатысты айып тағылған. Кейінірек ФИФА-ның Этика жөніндегі комитеті дисквалификация кезеңін алты жылға қысқартып, тағылған айыптарынан босатылған.


Әсем ТАҢАТАР,

ЕҰУ-дің журналистика факультеті студенті