18 Маусым, 2019

Қазақстандық компания алғаш рет «Канн арыстандары» финалына шықты

352 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Forte Femme жарнамалық компаниясымен ForteBank әлемдегі ең беделді «Канн арыстандары» (Cannes Lions) жарнамалық фестивалінің Media Lions номинациясы бойынша финалына шықты. Бұл – фестиваль тарихында әлемдік деңгейде танылған еліміздің алғашқы жобасы.

Қазақстандық компания алғаш рет «Канн арыстандары» финалына шықты

   Жарнамалық кампания іскер әйелдердің ел экономикасына қосқан үлесін көрсетеді. Статистикаға сүйенсек, әйелдердің табысы Қазақстанның ІЖӨ-нің 39,5 %-ын құраса, еліміздегі шағын және орта бизнес өкілдерінің 43 %-ы, ал жеке кәсіпкерлердің 52 %-ы бұрымдылардың еншісінде екен.

    Сала мамандарының айтуынша, ForteBank өзінің жарнамалық компаниясы арқылы әйелдерді өз ісін ашуға және оны дамытуға шабыттандыруға ұмтылады. ForteBank «Бизнес – бұл әйелдің де ісі» атты жобасы шеңберінде Forte pour Femme – «Мықты әйел» хош иісті суын шығарды. Бұл өнім кәсіпкерлікпен айналысып жүрген ханымдардың табыстарын, жетістіктері мен жеңістерін бейнелейді.

    Айта кетейік, ақпан айының соңғы аптасында иіссуды бизнестегі әйелдердің қаражатымен ForteBank банкоматтары мен кассалары арқылы айналымға шығарды. Forte pour Femme парфюмі әлеуметтік желілерде кеңінен талқыланғанын да айта кеткеніміз жөн. Бұл жобаға әйелдер жетекшілік ететін танымал қазақстандық брендтер де атсалысты.

    ForteBank-тің танымал ролик-манифестінің кейіпкерлері әйгілі әйел кәсіпкерлер болды. Оларды атап айтсақ, Чинара Бугимбаева, «Қағанат» асханалар желісінің негізін қалаушы; Зинаида Пак, TAKITA маркетингтік агенттігінің негізін қалаушы; Анастасия Леонова, FILO пәндік дизайн студиясының негізін қалаушы; Инна Апенко, Mimioriki балалар киімдері брендінің негізін қалаушы; Сания Ильясова, Saniya Ilyassova сұлулық салондары желісінің негізін қалаушы; Кира Майшева, Рentatonica киім брендінің негізін қалаушы; Динара Сәтжан, Dinara Satzhan Fashion Group компаниясының сәндік продюсері және иесі, Назым Жанғазинова, ARDA Football балалар футбол мектебінің негізін қалаушы; Ақмарал Басирова, «Ақ Әлем» клинингтік компаниясының негізін қалаушы, Аружан Саин, «Аружан и Ко» продюсерлік орталығының негізін қалаушы, Мерей Мұстафина, pipl консалтинг бюросының негізін қалаушы, Аяла Қонақбаева, SK Boxing бокс мектептері желісінің негізін қалаушы.

    Жарнамалық науқанның бейнеролигі мына сілтеме бойынша қол жетімді: https://www.youtube.com/watch?v=FbIfCXnP7Pg

    Жарнамалық науқанды іске асыру туралы бейнероликті мына сілтеме бойынша көруге болады: https://youtu.be/9z5wI2BEAg4