19 Маусым, 2019

Алматылық түлек әлемнің 10 жоғарғы оқу орнынан шақырту алды

426 реткөрсетілді

Физика-математикалық мектепті тек беске оқыған Дарын Утеулиев оқу ордасында жүріп, әлемнің ең үздік университтеріне онлайн түрде емтихан тапсырған екен. 11 сыныптың бас кезінде Онлайн тестердің нәтижесін енгізіп, Гонгонг технологиялық университеті, Қытай университеті, Австралиядағы Сиднейде және Америка, Канада университеттеріне тапсырыс берген. Нәтижесінде солардың 10-ы Дарынның құжаттарын қабылдап, шақырту жіберген.

Ағылшын тілінде еркін сөйлейтін Дарын шет елде білім алып, болашақта Қазақстанның өсіп-өркендеуіне өз үлесімді қоссам деп отыр.

Республикалық физика-математикалық мектептің директоры Алмас Күнғожин  журналистермен кездескен кезде оқушыларының  соңғы Республикалық олимпиадалардың нәтижесі бойынша бірінші орында екенін, . 11 алтын медаль, 12 күміс медаль, 14 қола медальды алғанын айтты. «Былтырғы статискамен алатын болсақ, біздің төрттен бірі шетелге түсіп жатыр.Басқа да студенттеріміз бар Гонконгта оқиды. Оңтүстік Корея,  Қытай,  Ресей,  Батыс елдерінің университеттері  біздің ҰБТ-ны қажет етпейді», - дейді Республикалық физика-математикалық мектептің директоры Алмас Күнғожин.

Соңғы жаңалықтар

Таралым һәм қаралым

100 • Бүгін, 06:55

Жүз жыл

100 • Бүгін, 06:27

Инвестиция – даму даңғылы

Аймақтар • Бүгін, 05:49

Ұқсас жаңалықтар